Менде әкемнің бұл тақырыпқа байланысты аударма жұмыстары бар, қажет болса ала тұруыңа болады. Бізге ұстазымыз достық туралы диалог құрып келіңдер,- деп тапсырма берді. Мен бүгін монолог дайындауым керек. Сөз жұмбақты шешу оңай болмай тұр, маған сенің көмегің керек. Оған жаңылтпаштарды тез айту түк те емес, әбден үйренген. Мақал-мәтелдермен танысу, қажет кезінде оны өмірде қолдану әдетім. Осы күні жаңа сөздер көбейіп кетті, жаңа сөздермен танысу, білу, үйрену керек .
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы –тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Бауыржан Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азам көрген жазушы. Ол – суреткер. Батыр Бауыржанның айтар ойы, жазар тақырыбы – соғыс шындығы. Ол өз шығармасының кейіпкері, өзінің образдарымен тұтасып кеткен тұлға. Барлық оқиғалардың бел ортасында өзі болғандықтан автор әнгімені өз атынан айтады. Ол сырт бақылаушы емес, белсенді қатысушы.
Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі.
Соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі қалғаны, өмір бойы ешкімге бас имей тек өз ар-намысының ғана құлы болғаны, халқының қамын ойлап, болашағы үшін күресіп өткені, өмірдегі өзі арқалаған ауыр жүгін, қоғам алдындағы өз парызын терең түсінгені – осының бәрі Баукең шығарған қанатты сөздердің қайнар бұлағы. Баукеңнің нақыл сөздеріне айналған, оның басынан кешкен жайттары ғана емес, өмірден көріп білгені, көкірек-көңіліне түйгені, жүрегіне ұялағаны, қоғамға, болашаққа деген ой-пікірлері.
Ал бұл ойларды жинақтап, мақал – мәтел деңгейіне дейін көтеріп, болашаққа өсиет ретінде жазып қалдыру – тек Бауыржан Момышұлы сияқты талантты тұлғаның ғана қолынан келетін іс.
Батырдың өсиет сөздерінің көбі Ұлы Отан соғысы кезінде орыс тілінде жазылған, себебі бүкіл Совет Армиясының командирлеріне арналған. Қазіргі уақытта бұл өсиеттер екі тілде де қолданысқа ие. Батырдың артына қалдырған өсиет сөздерін топтай келе, тақырып жағынан ауқымы кең екендігіне көз жеткізуге болады «Елім» деп еңірген ер ұлт, Отан, өмір, батылдық, тіл тағдыры, еңбек, оқу-білім т.б. тақырыптарда өзінің дара, дана ойын жеткізуге тырысқан. Осы өсиет сөздерінің ішінде көбірек қалам тербегені қолбасшылық, сардарлық, әскери борыш жайында жазылған афоризмдері екен.
Батырдың өзі , сегіз қырлы бір сырлы «ел деп еңіреген ер» болғандықтан, бар білгенін, бар тәжірибесін өсиет ретінде артына қалдырған. Бұл өсиеттердің зор құндылығы жан тебірентетін білгірлікте. Батыр тек қана еуропалық және ресейлік әскери ғылыммен, әскери өнерге сүйенбейді, өз ата-бабаларымыздың жауынгерілк дәстүрлеріне арқа тірейді. «Білек бірді жығады, ақыл-айла мыңды жығады», «Ер намысы – ел намысы», «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді » секілді аталарымыздың ұшқыр сөздерін Бауыржан Момышұлы орынды пайдаланған. Сондықтан батырдың өсиеттері қазақ жауынгерлеріне өте жақын, ойларына азық, бойларына қуат беріп тұрады..
Қанатты сөздер жайдан-жай тумайды және оны айтып қалдыру кім болса соның қолынан келе бермейді. Ол үшін ғұлама, терең ойшыл, үлкен философ, ақынжанды және өз басы күнделікті күйкілжің өмірден жоғары тұратын ірі тұлға болуы керек. Бәукең, міне, сондай адам. Ол кісінің нақылдары сан алуан тақырыпқа арналған: соғыс және бейбіт өмір, тәртіп пен тәрбие, парыз бен қарыз, тіл мен әдебиет, салт пен дәстүр, тағы сол сияқты болып жалғаса береді. «Намысты нанға сатпа», «Ердің туы – намыс». «Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тіке тұрып өлген артық», «Ұшқынсыз от тұтанбас», «Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз», «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», «Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес» т.б. сөздері жастың да, кәрінің де санасында жатталған ұлағатты сөздер.
Қазақтың сүт бетіндей қаймағы бар
Өзіндік парасатты байламы бар
Баукеңнің ерліктері өз алдына
Елге айтқан әр сөзінің айғағы бар
Батыр, батыл, кемеңгер, кемел бабам,
Болмайды ешқашан да төмен бағаң
Талай жыл, талай ғасыр өтсе – дағы
Ерлігіңді ұмытпас келер қоғам.
Баукеңнің даңқы, рухы өзіне керек емес, керек. Баукеңнің даңқымен, рухымен, дана өсиет сөздерімен тәрбиеленген ұрпақ осал ұрпақ болмайтыны айдан анық.
Маңдайдағы наркескеннің өзісің
Ерлігіңмен, өрлігіңмен ірісің,
Халқыңменен біргесің сен, жан ата
Ұмыты тырысайық.
Akbope 25.09.2016 жауап берді
Пікір
Қара жорға биі, салдарынан суретші өзінің, ақылды, епті және дерзкий салт бейнеленген, бұл шын мәнінде салт өз атауын ( «Қарға Pacer») алды, мініп және Pacer туралы үстіндегі өнерін меңгерген болатын. түрлі атаулар (zhorgalau, zhorgany elikteu) сәйкес осы би бірнеше нұсқалары халық арасында таратылды. қалыпты «Қара жорға» халықтық әуендерді шырқады, «Bozaygyr» соавт би үшін сүйемелдеу ретінде. автомобильдің толық сипаттамасы Жорж осы би болды кітаптың Дәурен Абирова және Әубәкір Ысмайыловтың авторы «Қазақ халық билері», берілді ең танымал еркектер би арасындаанец кара жорга получил такое название («вороной иноходец») из-за того, что его исполнитель изображает ловкого, сноровистого и задиристого наездника-джигита, овладевшего искусством верховой езды и гарцующего на иноходце. Под различными названиями(жоргалау, жорганы еликтеу) в народе были распространены несколько вариантов этого танца. В качестве аккомпанемента для танца на домбре исполняли народные мелодии «Кара жорга», «Бозайгыр» и др. Полное описание кара жорги было дано в книге «Казахские народные танцы» за авторством Даурена Абирова и Аубакира Исмаилова, куда этот танец попал в числе самых популярных мужских танцев
(На казахском)