Ответ:
Әлемнің жеті кереметі-біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.
Әлемнің жеті кереметі
Олар:
Мысыр пирамидалары ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік ежелгі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилоня әмірі кіші әйеліне арнап жасатқан. Бақ ерекше ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда алапат соғысынан қираған.
Олимпиададағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне Грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.
Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн Құдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.
Бұл алғашқы «Әлемнің жеті кереметіне», «Екінші 7 керемет», «Табиғаттың өзіндегі 7 керемет», «Қиял-ғажайып 7 керемет», т.б. «Кереметтер» қосылып келеді.