Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін калаймын
ВАбай (Ибраһим) Құнанбаев.
(1845-1904)
Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі.
Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы бай, би және қазақ руларының ішіндегі беделді адамдардың бірі болған. Құнанбай Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған.
Құнанбай діншіл болған. Мұсылман дінінің ықпалын күшейту мақсатын көздеп Орта Азияның діндар қожаларын, татар молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратқан. Олардың балаларын мұсылманша оқытқан. Өз ауылында Ғабитқан деген молданы ұстап, Абайды да оқытқан. Абайдың сабаққа зеректігін байқаған соң, әкесі Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүние тану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның бағытын ұстаған адам болған. Абай бұл медреседе 4 жыл оқыған кезінде араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен жақсы танысады. Өзі үлгілерінен үйренген. Абайдың жазу жұмысында үлгі еткені 19-шы ғасырдағы орыс әдебиеті болған. Абай Семейдегі медреседен кетер алдында үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де Семеймен қатынасын үзбеген. Семейге саяси көзқарастары үшін жер аударылған, орыс оқымыстылары Н.И.Долгополов және Е.П.Михаэлиспен танысып, орысша білімін терендете түсуге жәрдем алған. Абай Семейге келіп, айлап жатып Гоголь атындағы кітапханадан көп кітаптар оқыған және ауылына да алып кетіп оқитын болған.
Абай дүние жүзінің басқа да ғалымдары мен жазушыларының еңбектерін оқиды. Мысалы, Ежелгі Грецияның атақты ғалымы Аристотельдің философиялық және әдеби шығармаларымен толық танысқан. Атақты данышпан Сократтың да шығармасын бәлген.
Абай В.Г.Белинскийдің еңбектерін ұнатып оқыған. А.С.Пушкин шығармаларын оқып, үлгіге тартқан.
«Евгений Онегин» романынан үзінділер аударды «Амал жоқ, қайттым білдірмей» / «Татьяна хатына»/ әнін шығарды. Сондай-ақ И.А.Крылов, М.Ю.Лермонтов, И.Гете шығармаларынан да аударды.
Абай қазақтың ән-күй творчествосын жете білген. Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет, Жаяу Мұса сынды халық композиторларын ерекше бағалаған. Өзі «Айттым сәлем қаламқас», «Сұрғылт тұман», «Қараңғы түнде тау қалғып» тағы басқа әндер шығарған.
Абай «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деп, жалпы адамзатты түгел сүйетін, гуманизм биігіне шақырады.
Менің ойымша, бұл көшеде өте сақ болу керек. Қажеті жоқ жақындауға алаяқтарға. Олар шақыру мені машинаға немесе сұрай көтеру көрмесіне және беруге.
Керек қауіптену күдікті. Бұл мүмкін касабланка, ол заберет алтын мен күміс немесе ақша. Мен ғана қараймын, алаяқтарға және күдікті тұлғаларға.