«Ырыс алды – ынтымақ» деген қағиданы басты назарда ұстаған қазақ халқы ел арасындағы ынтымақ-бірлікті, татулықты ерекше бағалаған. «Ынтымақты ел озады, ынтымақсыз ел тозады» деп, әлеумет арасында бірліктің сақталуына басымдық берген. Сондықтан қоғамдағы ынтымақты күшейтетін іс-шараларға қатты көңіл бөлген. Бір-бірінің жетпей жатқан жерлерін жалғап, қолынан келгенше жәрдем көрсетуге тырысқан. Сөйтіп, ұлы Абайдың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген ұлағатын іс жүзіне асырған. Қазақ қоғамындағы ынтымақтың көрінісін біз жәрдем шараларында көреміз. Енді соларға тоқталып өтейік. Олардың кейбірі қазіргі күнге дейін сақталған.<span>Мысалы, бұрынғы қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып кеңінен тараған. Онда қарызға, шығынға батқан, одан шығатын жағдайы болмаған жақын-жұрағатқа ағайындары, ауылдастары көмектесетін. Бұл жәрдем ағайындардың мәслихат-кеңесінен кейін жасалады. Жұртшылық салты Алаш жұртының ауызбірлігінің, бір-біріне жанашырлығының айқын дәлелі.</span>
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас өнертапқыштар жаңа құлтемірді лего құрастырғыштарының тетіктерінен жасаған. Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының еңбегі халықаралық бәйгеде үздік деп танылды, деп хабарлады 24.kz. Робот құрастыруда физика, математика, химия, биология пәндерінің берері мол. Тыңнан түрен салған таланттар үшін төзімділік қажет. Өйткені, бір роботты құрастыру барысында миллиондаған майда лего құрастырғыштармен жұмыс істеу қажет. Болашақта бар қызметті құлтемірлер атқарады. Жас өнертапқыш Санжар Асықбаев бұған сенімді. Сондықтан, робот техникасын дамытуды осы бастан қолға алу керек деп санайды. Өзі достарымен бірігіп, қала көшелерінде қоқыс жинайтын машинаны ойлап тапты. Жанармайды қажет етпейтін экологиялық таза құрылғы бір айдың ішінде құрастырылған. - Бұл Трэвиш» деп аталады. Оның басты мақсаты - қаладағы қоқыс мөлшерін азайту. Күн батареясын қолдану арқылы өзінің энергия қорларын қайтадан жаңарта алады, - дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Санжар Асықбаев. Демек, жақын жылдары елордада қоқыс жинап жүрген робот көрсеңіз, таң қалмаңыз. Бұл - жас өнертапқыштарымыздың жетістігі. Робот құрастыруда әлем бойынша Жапонияға тең келетін ел жоқ. Дегенмен, отандық өнертапқыштар да ешкімге есе жібермек емес. Балалар саланы дамытуға мүмкіндік бар деп отыр. Ол үшін қажырлы еңбек ету керек. Санжар бастаған команда өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Олардың жұмысы жақында ғана халықаралық байқауда үздік танылды. Шарада Ресей мен Сербияның жас өнертапқыштары да бақ сынаған болатын.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз
1)мен қазақ тілінен бес алғаныма əкемен анам қуанды
2)Атам мен əжем он бірінші мөлтек ауданында турады.
3)əжемнін уйіне ағам мен апкем қонаққа кельды.
4)Менім қарындасым мен інім тоғызыншы мектеп гимназиясында оқыйды
Тіл дегеніміз- адам,ұлт, мемлекет алтын қазына.
Тіл қай ұлтта қай елде болсын қастерлі.
Тіл-халықпен халықты байланыстыратын құрал.
Тіл байлығы әрбір ұлттың мақтанышы.
Тіл-тіршіліктің бастауы.
Тіл-елдің тарихы.
Тіл дегеніміз- тұтас бір әлем.
Тіл дегеніміз-ұлттың кілті.
Орыс тілінен енген:самаурын,бөтелке,зауыт
араб тілінен енген:ар,абырой,әскер,әйел,тарих