«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев). Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.
Талай — талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата — бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?! Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды. Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен — ау! Шыдамадым қапасқа, Кеңшілікке қаштым. Көндікпедім матауға, Асау атша бастым. Уһ, шырқап, зымырап, Сұңқардай зулап ұшайын! Ұшайын!- деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да жырлап өтті. Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар — ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
Булак корсен козын аш. Булак таза су. Ол оте кунарлы, оте дамды, шолдегенды басады. Булактан кокыс корсек онын козын ашу керек. Булак салкын болады. Ал кейбыр адамдарга бары быр себебы олар табигатты аяламайды. Табигатты аялау керек.