П-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.
Тапқырлық
Пойыз үстінде тербеліп келе жа-
п, өзінің осыдан бес жыл бұрын
Түсіндірме
Лондонда айтқан бір сөзі есіне түсті.
сөздік
1947 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі
Ғұлама – өз ісінің үздік
депутаттарынан құралған Совет де-
шебері, ғалым адам.
легациясымен бірге Ұлыбританияға Мелжемді – жерг. қа-
барған еді. Бұлар асықпай Англияның рымды, білекті, күшті (адам
калаларын бірнеше күн аралады.
туралы).
Табан астында – күтпе-
Сондай күндердің бірінде делега-
ген жерден, кенеттен.
пия Лондонда Уинстон Черчилльдің
қабылдауында болған. Кездесу ба-
рысында Черчилль әлденені білгісі келгендей қайта-қайта
Сәтбаевқа қарай берді. Сол арада қысқаша таныстық басталды.
Жөн сұраса келгенде, Қаныш Имантайұлы өзінің қазақ елінен
екенін айтты.
– Солай деңіз...- деді үй иесі. — Мен қазақтарды ешқашан
көрмеппін. Айтыңызшы, Сәтбаев мырза, қазақтың бәрі осы өзі-
ңіз секілді мелжемді, бойшаң бола ма? - деді.
Сонда Қаныш Имантайұлы бөгелместен:
– Мен орта деңгейдегі қазақпын. Менің халқым менен
әлдеқайда биік! - деп жауап береді. Мұның жауабына қасындағы
сапарлас серіктері разы болып:
— Жауабың жақсы шықты. Черчилльді қатырдың! – десіп
жатты.
Өз сөзінің нысанаға дөп тигеніне Қаныштың өзі де риза еді.
Табан астында намысқа шауып айтылған сөз ғой бәрі де. Кейін
осы сөзі ел ішіне тез тарап кетті...
Қ.Жұмаділов