Қонақ – үйге келген мейман. Танымайтын кісі “құдайы қонақ”, әр түрлі тілеулестікке, тойға шақырылған мейман “арнайы қонақ” болып саналған. Халықтық ғұрып бойынша, келген адам үйге баса-көктеп кірмей, сырттан дауыстап, үйдегілерге белгі береді. Үйге келген адам әуелі шаңыраққа сәлем беріп кіруі керек. Түсте келген қонаққа түстік, кешке келгендерге қонақасы берілген. Үлкен ас кезінде қонақтар төрден есікке қарай, жасының үлкендігі мен мәртебесіне байланысты орналасады. Қымыздан кейін ет ұсынылады. Құдайы қонақ түскен үйде отағасы жоқ болса, астан дәм татып, ауыз тиген соң, түнемеге басқа орын іздестірген. Қонақты қарсы алған отағасы есік ашып, алдымен оны кіргізеді, шығарып саларда қонақтың өзі ашуы керек. Үй иесі ашса, онда қонақты қуғанмен бірдей саналады.[1]
Сәлем Жанар сен Денсаулық күніне барасың ба? Сәлем Анар Иә мен Денсаулық күніне барамын.Ал сен ше? Иә Анар мен де барамын. Ал сен қандай спорт құралдарын алып барасың?? Мен анам рұқсат берсе, велосипедпен барамын. Ал сен немен барасың? Ал мен роликпен баратың шығармын!