Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәһра1 ала алмас. Қиналма бекер, тіл мен жақ, Көңілсіз құлақ – ойға олақ.
Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ, Күлкішіл кердең наданның. Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды — Әдеті надан адамның. Бойда қайрат, ойда көз Болмаған соң, айтпа сөз.
Аулаққа шықпай, Сыбырлап бұқпай, Мейірленбес еш сөзге. Пайдасыз тақыл — Байлаусыз ақыл, Атадан бала ойы өзге. Санасыз, ойсыз, жарым ес, Өз ойында ар емес.
Тасыса өсек, Ысқыртса кесек, Құмардан әбден шыққаны. Күпілдек мақтан. Табытын қаққан2 — Аңдығаны, баққаны. Ынсап, ұят, терең ой Ойлаған жан жоқ, жауып қой.
Болмасын кекшіл, Болсайшы көпшіл, Жан аямай кәсіп қыл. Орынсыз ыржаң, Болымсыз қылжаң Бола ма дәулет, нәсіп бұл? Еңбек қылсаң ерінбей — Тояды қарның тіленбей.
Егіннің ебін, Сауданың тегін Үйреніп, ойлап, мал ізде. Адал бол – бай тап, Адам бол – мал тап, Қуансаң қуан сол кезде. Біріңді қазақ, бірің дос Көрмесең, істің бәрі бос.
Малыңды жауға, Басыңды дауға Қор қылма, қорға, татулас. Өтірік, ұрлық, Үкімет зорлық Құрысын, көзің ашылмас. Ұятың, арың оянсын, Бұл сөзімді ойлансын.
Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын. Таласып босқа, Жау болып досқа, Қор болып, құрып барасың. Өтірік шағым толды ғой, Өкінер уақытың болды ғой.
Жұмыссыз сандал, Еріксіз малды ал Деген кім бар сендерге? Қулықты көргіш, Сұмдықты білгіш Табылар кісі жөн дерге. Үш-төрт жылғы әдетің Өзіңе болар жендетің.
Қайратым мәлім, Келмейді әлім, Мақсұт – алыс, өмір – шақ. Өткен соң базар, Қайтқан соң ажар, Не болады құр қожақ?! Кеш деп қайтар жол емес, Жол азығым мол емес.
Бір кісі мыңға, Жөн кісі сұмға, Әлі жетер заман жоқ. Қадірлі басым, Қайратты жасым Айғаймен кетті, амал жоқ. Болмасқа болып қара тер, Қорлықпен өткен қу өмір.
Хош, қорықты елің, Қорқытқан сенің Өнерің қайсы, айтып бер. Ел аңдып сені, Сен аңдып оны, Қылт еткізбей бағып көр. Ойнасшыл қатын болса қар, Аңдыған ерде қала ма ар?
Көмексіз көзің, Бір жалғыз өзің Баға алмай, басың сандалар. Бауырыңа тартқан, Сырыңды айтқан Сырласың сырт айналар. Ол қаны бұзық ұры-қар, Қапысын тауып сені алар.
Басы-көзі қан боп, Арқа-басы шаң боп, Және тұрып жалпылдап; Жығылып тұрып, Буыны құрып, Тағы қуып салпылдап — Абұйыр қайда, ар қайда? Әз басыңа не пайда?
Ит үрсе, бала Таяғын ала, Қуады итпен кектесіп. Ұрысқансып "ой" деп, "Ұят" деп, "қой" деп, Үлкендер тыяр "тек" десіп. Оны білсең, мұның не? Мен де ұят іс қылдым де.
Білгенге жол бос, Болсайшы қол бос, Талаптың дәмін татуға. Білмеген соқыр, Қайғысыз отыр, Тамағы тойса жатуға. Не ол емес, бұл емес, Менің де күнім – күн емес.
Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім. Құлағын салмас, Тіліңді алмас, Көп наданнан түңілдім. Екі кеме құйрығын Ұста, жетсін бұйрығың.
Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырық. Естісем үнін, Білсем деп жөнін, Көп іздедім қаңғырып. Баяғы жартас – бір жартас, Қаңқ етер, түкті байқамас.
Жаяуы қапты, Аттысы шапты, Қайрылып сөзді кім ұқсын. Іште дерт қалың, Ауыздан жалын Бұрқ етіп, көзден жас шықсын. Күйдірген соң шыдатпай, Қоя ма екен жылатпай?
Мамықтан төсек, Тастай боп кесек, Жамбасқа батар, ұйқы жоқ. Сыбыр боп сөзі, Мәз болып өзі, Ойланар елдің сиқы жоқ. Баяғы қулық, бір алдау, Қысылған жерде – жан жалдау.
Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ. Моласындай бақсының Жалғыз қалдым – тап шыным
Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б. Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз. Подробнее - на Znanija.com - znanija.com/task/6258833#readmore
Әке көрген оқ жонарСын воспитанный отцом, сам смастерит стрелу1. Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай. Ер өнері білінбес, Қоян-қолтық алыспай. (Резвость коня скачки покажут, силу джигита борьба докажет) .
Ата - асқар тау, Ана - бауырындағы бұлақ, Бала - жағасындағы құрақОтец - неприступная гора, мать - родник у подножия горы, дитя - тростник, растущий на берегу реки  2. Жығылған күреске тоймайды. (Побежденный снова норовит силу показать).
Әкеге қарап ұл өсерГлядя на отца растет сын