Табиғат өте əдемі.Табиғатты қорғау керек
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрп салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Сонымен, ою-өрнек дегеніміз геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып , үйлесімді құрылуы
Қос бәйтерек достығы
Достық адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашанкөптік етпейді. Еліміздің асқақ ақыны, патриоты, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың:
«Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!»
деген жолдарынан достықты қандай дәрежеде бағалағаны сезіледі. М.Шаханов жүрегіне ең жақын жолдас бола білген бір тұлғаны ерекше атап өткен. Ол тұлға - Қырғызстанның халық жазушысы, қоғам және мемлекетқайраткері, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері - Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов еді. Берілген эсседе түрік халықтарының ең жарық екі жұлдыздары Ш. Айтматов пен М.Шаханов арасындағы адал достық, өзара қолдау мен өмір жолдары жайлы ой қозғалады.
Шыңғыс Айтматов әлемдік деңгейдегі жазушы. Бірақ, соның ішінде қазақ халқына ерекше жақындығыменмақтана аламыз. Оның бірінші себебі, ақын қазақ ауылына көршілес өңірде дүниеге келіп, қоян-қолтық араласып өскен. Екіншіден, осының әсерінен көптеген шығармаларында қазақ мәдениетіне жақын рөлдер сомдалған. Оған жазушының әлемге танымал еңбектерінің бірі «Жәмила» дәлел бола алады. Үшіншіден, Ш.Айтматовтың қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалымы М.Әуезовты пір тұтуы қазақ халқынадеген ерекше ықыласын көрсетеді.
диалог
- сен білесің бе? Алматы қаласында жаңадан бекет ашылыпты .
- жоқ,енді естіп тұрмын оның атын не деп қойыпты ?
- оның атын Байқоңыр деген есім беріпті
- ал қашан ашылуы болған екен, қай жерде орналасқан?
- Бекеттің ашылуы 2011 жылдың жазында болыпты, бірінші линияда "Абай" және "тұлпар" бекеттерінің арасында соғылған екен.
- ал оның ашылуы 2008 жылдың мамырында басталыпты, дизайны дәл Байқоңыр ғарыш алаңы сияқты екен.
- ендеше ол бекетке бірге барайық?!
- келістік, барсақ барайық сау бол!
-сау бол!