Өйткені,сондықтан(сөйлемдерді байланыстырып,дəлелдеп тұр)
Біз қазір қалада тұрамыз. Бірақ атам мен әжем және әкемнің бауырлары атам туған ауылда тұрады. Біз атам туған ауылға жиі барып тұрамыз. Біздің әрбір барғанымыз атам, әжем үшін үлкен бір мереке. Ал аулына келгенде әкемнің қуанышында шек болмайды. Шіркін, атамекен ауылым, кіндік қаным тамған жер, мен үшін сенен ыстық мекен жоқ деп,- аулына деген махаббатын жеткізеді. Ол және достарымен кездесіп бұл жерде менің балалық іздерім қалған, сағынышым, жасыл жайлауым, -деп ауылын аралап келеді. Апам бауырым, қарағым деп еркелетсе, әжем-құлыным деп еркелетеді. Атам туған ауылда бізде өте жақсы көреміз, көп бармай қалсақ, қатты сағынамыз.
Бауырсақ - қазақтың ұлттық тағамы. Бауырсақ – бидай ұнын ашытып, әртүрлі үлгіде жасап, майға пісіреді. Қазақтың той, мереке дастарқанында міндетті түрде бауырсақ болуға тиісті. Ыстық бауырсаққа сары май жағып жесең, өте дәмді. Бауырсақ қырғыз, татар, башқұрт , ноғайларда да кездеседі.
Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Әдебиеттану ғылымында қолданылатын көркемөнер, көркем бейне (образ), идея, мазмұн мен түрі сюжет, лирика, эпос, драма, стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер. міне, осындай терминдер қатарына жатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек. Әдебиеттану ғылымында терминдер табиғатты зерттейтін ғылымдардағыдай немесе логика, философия сияқты қоғамдық ғылымдардағыдай әбден жүйете түскен, толық қальптасқан сипатта кездесе бермейді, яғни, термин деген ұғымның қатаң талабына сәйкес келе бермейді. Бұл жағдай әр ғылымның пәніне зерттейтін обьектісіне де, қалыптасқан зерттеу тәсілдеріне де байланысты болса керек. Қалайда әдебиеттану ғылымында нақтылы анықтама беру, жүйелі түрде талдау, топтап-жіктеуден гөрі, баяндап айту жағы басым келеді де, ғылыми ұғымның терминнің мағыналық шегін бұлжытпай, айнытпай үнемі дәл сақтап отыруға сондайлық мән беріле қоймайды. Ал мұндай жағдай және ғылыми мағынасы әлі толық айқындалмаған "жартылай" терминдердің көп болуы зерттеу жұмысын қиындата түседі.
Қыз Жібек
"Қыз Жібек" әңгімесі көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген әңгіме және ол қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі.
Жырды ең алғаш Зайсан уезінің (осы күнгі Шығыс Қазақстан облысы) бір белгісіз ақыны жазып алып, 1870 жылдар шамасында Қазанда бастырған. Бірақ бұл нұсқа біздің қолымызда жоқ. Кейінде басылған нұсқасында мынадай сөздер ұшырайды:
Басында менен жайылды,
Қисса болып бұл Жібек,
Баспасына қарасам,
Бәрі шала сөзінің,
Еңіреп, жылап, жүр жүдеп,
Қисынсыз болған сөздері,
Жыламақ түгіл, күлмеймін, -
дейді.
Жырдың осы нұсқасы 1876, 1905, 1909, 1911 жылдары Қазанда Хұсаиновтар баспасында бірнеше рет басылып шықты. 1925 жылы осы нұсқаны қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы Әбубәкір Диваев Ташкентте бастырды. Одан кейін 1933 жылы Қызылордада, 1939 жылы Алматыда "Батырлар жыры" жинағына қоса басылды.
Жібек әңгімесі шын оқиғадан туған, бірақ дәл қай кезде туып жасалғанын кесіп айту қиын. Мөлшермен айтқанда, "Қыз Жібек" әңгімесі XVII ғасырда туғанға ұқсайды. Жырда Жағалбайлы елінің қонысы Қара теңіз жағасы деп келеді. Мұнысы Каспий (Атырау) теңізі болуы керек. Сол кездегі Шектілердің қонысы Ақжайық болған. Бұл екеуінің арасы қоныс жағынан шалғай емес. Қазақ даласы патшалық Россияға қарағанғa шейін Жағалбайлы елі Ақжайық бойын мекен еткен. Осы кезде де Жаманқала (Орскі), Магнитогорск маңында Жағалбайлы жұрты аз емес.
Жібек әңгімесінің заманын білуге жолбасшы болатын тарихи деректің бірі - қалмақтардың Ақжайық бойын жайлаған Шекті елін жаулап алуы. Жырдың екінші саласы осы жаугершілік заманға келіп килігеді. Жайық бойындағы аз ру Шектілерге торғауыттардың ол кезде, белгілі бір кезеңде үстем