2верблюд 3мято 4скварец 5одуванчик 7телёнок 8дерева 9ель
- Алло, сәлеметсіз бе, бұл «Алатау» қонақ үйі ме?
- Иә, сізді тыңдап тұрмын.
- «Алатау» қонақ үйі қай көшеде орналасқан?
- «Алатау» қонақ үйі Гоголь көшесінде орналасқан.
- Қонақ үйдің бөлмелері қандай?
- «Алатау» қонақ үйінде бір кісілік, екі кісілік және үш
кісілік бөлме және люкс орындары бар.
- Сізге қандай бөлме керек?
- Маған ертеңгі күнге бір кісілік бөлме дайындап қоюыңызды
сұраймын. Менің аты-жөнім Ксения
<span>- Сізді ертең күтеміз. Сау болыңыз.</span>
Коньки тебу-қысқы спорт түріне жатады.Коньки тебу өте қызықты тек оны тебе білу керек.Мен сіздерге өз басымнан өткен қызықты оқиғаны айтып бергім келеді.Бірде мен достарыммен қыдыруға шықтым,бар ойым достарыммен көңіл көтеру еді,бірақ біз ақылдаса келе мұзайдынына барамыз деп шештік.Тек барғаннан кейін ғана аңғарғаным мен коньки тебуді аса қатты білмейді екенмін.Сырт көзге коньки тебу оңау болып көрінгенімен өте қиын екенін сол кезде түсіндім.Маған алғаш рет коньки тебуді достарым үйретті.
Аққу Аққу- өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Оны көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтеген. Аққулар аңыздар мен ертегілерде жырланады. Әдемі құс аққудың өлер алдында «айтатын әні» жайлы ертеден келе жатқан аңыз бар. Аққу, әрине, ондай ән айтпайды. Ол жалпы әнші құстардың қатарына жатпайды да: сыбырлауық аққу жайлап қана сыңқылдайды, ал сұңқылдақ аққудың үні зор әрі әсем болады. Аққулар көктемде оңтүстіктен қайта оралады, олардың қанатының сыңғыры мен әсем үнін аспанда жұп-жұбымен кербез ұшып өткен сол бір сәтінде тындаған тамаша-ақ. Сәуір айының көгілдір аспанында үлкен ақшаңқан құстардың сұлу мойнын соза тастап, қанатын бояу сермеп ұшып бара жатуы – естен кетпез ғажап сурет. Қалың орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққуды көру – одан да сұлу құбылыс. Аққу суда дыбыс шығармай, жеңіл сырғып жүзеді, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді. Аққудың әрбір қимылы – артына бұйра толқын тастап жүзіп бара жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды өбіп, қанатымен күміс тамшы себелеп шомылуы, ауаны қақ жара көкке көтерілуі – бұл бір қайталанбас әсем көрініс. Аққулар шалғайдағы адам аяғы жетпес көлдердің қалың қамысына ұялайды. Олар – ерекше сезгіш және сақ құс. Балапандарын ата-енесі бірлікте тәрбиелеп өсіреді. Аққулар қолға тез үйренеді. Олар хайуанаттар бағынды Австралиядан келген қарақумен тату-тәтті тұрады. Аққулар – табиғаттың аса ғажап және қазір сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған. р