Біздің кітапхана
Кітапхананың ақпараттық потенциалы өте зор. Кітап қоры миллионнан астам; 900 мың кітап, 100 мың журнал және газет. Сол сияқты кітапханада құжатар, карталар, плакаттар және ноталар сақталады. Кітапхананың қорында 30-дан астам тілде, соның ішінде қазақ, орыс, ағылшын, неміс, қытай, түрік т.б. тілдерде жазылған кітаптар бар.
Жыл сайынғы кітапхананың оқырмандарының саны 35 мыңнан асады. Оқырмандарға 16 қызмет көрсету орындары бар. Университеттің бас ғимаратында жаңадан ашылган 150 орындық оқу залы жұмыс істейді.
Библиографиялық ақпарат орталығының білікті мамандары оқырмандарға қажетті ақпараттарды іздеуге көмектеседі. Олардың мақсаты - оқырмандарды ақпарат кеңістігінде жұмыс істей білуге бағыт беру, курс, диплом, ғылыми жұмыстарын ресімдеуге көмектесу.

Тапсырма:
Мәтін бойынша сұхбат құраңыз.