Ответ:
лол я хз пианино и скину вам на согласование с уважением Александр отправлено с меня шоколадка я не могу найти в интернете и скину вам на согласование с уважением Александр отправлено с меня шоколадка я не могу найти в интернете и тебе бабло на согласование и подписание и как я понял из к этому точно не знаю что ты не знаешь как я тебе деньги
Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.
Қазақтың ұлттық дастарханында болатын негізгі тамақтардың түрлері: ет тағамдары, сүт тағамдары және нан тағамдары. Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет. Оны кейбір кісілер «бешпармақ» деп атайды. Ол мүлде қате. Асханаларда, мейрамханаларда «бешпармақ» деп айтылмайды және жазылмайды. «Бешпармақ» - «бес саусақ» дегенді білдіреді. Бұл ұлттық тағамның аты – қазақша ет. Сыйлы кісі келгенде, қазақша ет беріледі.
Қазақша еттен табақ даярлағанда (тартқанда), оны білетін адам жасайды. Әрбір сүйектің өзінің орны бар. Әр адамға бір-бір сүйек (мүше) беріледі, ол сүйектің етін бәкімен кесіп жейді. Содан кейін нан салынған қазақша етті жейді. Тамақ соңында сорпа беріледі. Егер ішкіңіз келмесе, өз еркіңіз.
Тамақтан аз немесе көп жейсіз бе, ол да өз еркіңізде. Ол ыңғайсыз емес. Батаны ең құрметті кісі береді.
Батаның немесе тілектің түрлері көп. Мысалы бір түрі:
Басқа амандық берсін!
Жанға саулық берсін!
Ұлың ұяда болсын,
Қызың қияда болсын,
Дастархан байлығы болсын!
<span>Аллаһу әкпар! (Әумин!)</span>
<span> Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.</span>