1-2 Қаңтар Жаңа Жыл
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні
21,22-23 Наурыз Наурыз мейрамы
1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
7 Мамыр Отан қорғаушы күні
9 Мамыр Жеңіс күні
6 Шілде Астана күні
30 Тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
1 Желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні
16-17 Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Біз қыста жылы киім киинеміз. Маған жылым киім əкем алады. Ол маған өте ұнады. Мысалы шары,трико,куртка киинеміз.Маған ыс ұнайды
Астана керемет асем арман кала . мен Астанада турамын. Бул оте коркем адемы кала.Астанада ойын центрлары коп жене олар оте кызыкты.Астана негызы арманшыл кала.Мен Астанага келгенде быр арманым болатын . Осылайша казыр Астана маган арман кала.Астана маган катты унайды.
Айтыс - әдебиет жанры болғанымен ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті айтысқа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. Бұл дәстүр айтыстың сан алуан мазмұнды, мол ауқымды жанрға ұласуына қолайлы жағдай жасады.
Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Бетпе-бет келген екі ақын да сол орайда жеңудің сан алуан жолдарын, амал-тәсілдерін қарастырады. Ә дегеннен амандасу, ел жағдайын сұраудың өзінде айтыс боларлық түйін, сын тағарлық мәселелер іздестіріледі. Қарсыластардың қай-қайсысы да негізгі уәж, аталы ойларын бірден жайып салмай, аңысын аңдап, құрылған тор, айлалы қақпанға түсіруді көздейді. Оның алдын орап, матап, шырмап, қисынды да уәжді сөзбен тоспақ болады. Машығы мол, айла-тәсілі көп, аталы сөзді орнымен қолдана білген ақын ғана мәрелі жеңіске жетеді. Суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз таппағаннан жеңілмейді, аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан тосылады. Мұны қанша өкінішті болса да жұрт алдында ашық мойындауға, кейінгі жырлау кезінде жасырмай айтуға мәжбүр болған. Бұл шыншылдық ойды “Аталы сөзге арсыз жауап қайырады” деген мәтелімен айтыстың әділ қазысы болған халық өзі түйіндеп отырған.
Тәртіпті инабатты. норм? хватит?