Талай қазақ ақындары мен композиторлары Алматының әсемдігін жарлап, шабыттанып, өз өлеңдеріне қосқан. Қазақстанадағы 2017 жылғы соңғы санақ бойынша, Алматы қаласында шамамен екі миллион адам тұрады. 1991-1997 жылдар арасында Алматы қаласы егеменді Қазақстанның астанасы болған еді. Алматы сөзі "Алманың атасы" немесе "Алмалы қала" деп аударылады. Бұның себебі, қаланың ең басты ерекшелігінің бірі - хош иісті, қызыл түсті апорттар еді. Алайда, индустриализация нәтижесінде, ол ағаштардың көбі шабылып, орны зәулім үйлермен алмастырылды. Алматының шипажайлары бүкіл Евразияға танымал. Ол жерлерге алыс және жақын шетелдерден көптеген туристтер ағылады. Осымен қатар, Алматыға ерекше әсемдік беріп тұратын Алатау және Тянь-Шань таулары. Оларды өмірінде бір рет көрген адам, Алматыға мәңгілікке ғашық болып өтеді.
Лыстың Ұлы күні Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы! Қазақ халқы да барша шығыс халықтары сияқты Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын үлкен құрметпен есте қаларлықтай тойлауды үрдіске айналдырған. Қазіргі күн есебіне сәйкес, наурыз айының 22-і жұлдызы жаңа жылдың бірінші күні болып есептеледі. Күн мен түн теңеліп, күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайтын мерзім. Бұл күні қуанбайтын, шаттанбайтын адам болмайды, өйткені, наурыз – бірліктің, татулықтың, көктемнің, еңбектің, бақыттың мерекесі болып табылады. Қазақ халқы үшін, бұл күн - өте қасиетті, киелі саналады. Әрбір қазақ отбасы үшін, Наурыз - жаңа жыл, ырыс-береке, мереке, жыл басы болып есептелінеді. Наурыз мерекесіне байланысты халық арасында жол-жоралар мен әдеп-ғұрыптар қалыптасқан. Адамдар таза киімдерін киіп, бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Көженің ішіне қысқы соғымның басы мен сүр еті салынады. Малдың басын, шекені қариялар мүжіп, құлағын балаларға кесіп беріп, қалғандары көжені талап ішеді. Наурыз тойына ғана тән бұл көже көпшілікке арналған мерекелік тағам. Ол жеті түрлі дәмнен дайындалады: сүт, ет, тұз, су, тары, құрт, жеміс, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосылып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынылады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол барша халықты татулыққа, бірлікке, жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа шақырады. Адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында тазарады, - деген, ұғым қалыптасқан.