-Айтайын айт дегенің емен екен,
Мен көрдім емен жолы төмен екен.
Көсілген қөмекейің ақын болса,
Балықтың ең үлкені немене екен?
-Балықтың ең үлкені жайын екен,
Бір жұрты ер жігіттің қайын екен.
Қылығың ел жұртыңа жағып өтсе,
Алдыңда халал жарың дайын екен.
-Айтайын айт дегенің емен екен,
Мен көрдім емен жолы төмен екен.
Жасыңнан жұмбақ қуған дана болсаң,
Балықтың екіншісі немене екен?
-Біреуі онан кейін шортан балық,
Қонады түйелі бай сортаңды алып.
Атадан артық туған асыл болсаң,
Балықты мен ұстаған жүр таңдалық.
Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Үлкен мұхиттай тұнық өмірдің шағын ғана бір бөлігі. Бірақ осы шағын бөлік қанша тамаша сәттерге толы. Мен 14 жастамын. Дегенмен балалық кезеңнен әлі де болса аттап кеткен жоқпын. Кешегі титтей кішкентай кезім қызық әрі өте қанық түстерге толы болды. Мен оны ешқашан ұмытпаймын. Әрқайсымыздың балғын сәттеріміз жанұямызбен өтеді. Менің арманым осы жанұям мәңгі менімен бірге болса екен деймін. Бала кезіміз күлкі мен бала ренішке толы сәттер ғой. Балғын сәттерді естен шығару мүмкін емес. Осындай сәттердің қейбірін еске түсіргенде, өз-өзіме көңілім толмай ұрысып аламын. Сол кезде жасаған көптеген оғаш қылықтарым үшін маған өкпелеп қалған адамдардан кешірім сұраймын. Кей сәттерді еске алғанда тіпті ішек қатып күлгенім де бар. Балалық шақ балдай тәтті ғой, арасында ащысы болса да, ол- балалық еркеліктің еншісінде. Ертең есейген шағымызда балалығымызды қатты сағынатын болармыз. Әрине, сағынамыз. Қазір бізде сағыныш бар, бірақ ол соншалықты қатты емес. Достар, есеюге асықпайық. Оған әлі жетеміз ғой. Бірақ балғын шақ кетісімен қайтып оралмас ешқашан. Сол себепті, сенің балалык шағың - өміріндегі ең басты байлығың дегім келді.
100 жыл-бір ғасыр, 12 ай -бір жыл, 365 күн-бір жыл 30 күн-бір ай, 7 күн-бір апта.
Ставить.Например:Үлгі тутатын-ставить в пример