Киіз үй қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де таңбасы, белгісі. Оның дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Өйткені қазақ халқының салт-дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты.<span>Киіз үй, ең алдымен, оның иесінің байлығын, тұрмыс жайын білдіреді. Оның екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Ал киіз үйдің керегесінің басы 70-тен 360-қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйлері, әлгіде айтқандай, үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріледі.Оларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Одан басқа киіз үйлердің алты қанат ақ боз, қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа т.б. атаулары бар. Киіз үйлер өзінің мәдени-тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты да үш түрге: 1) жаздыгүні тұруға арналған, 2) мереке-жиын кезінде қонақ күтіп алатын және 3) жорық кезінде тігілетін киіз үй болып бөлінеді. Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, (арбаның үстіне тідгілетін үй), жарық үй деп атаған. Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер салынатын болған. Бұлар, көбіне, қақыра немесе қалқа деп аталған да, жаугершілікте, майдан шебінде далада, жауын-шашыннан қорғану үшін тігілетін болған.</span>Киіз үйдің негізгі қаңқасы – кереге, уық, сықырлауық, шаңырақ – киіз үйдің сүйегі деп аталады. Олар бір-бірімен бау-басқұрлармен біріктіріліп таңылады. Оның сыртынан ши тұтылады да, киіз әбзелдер (туырлық, үзік, түндік, киіз есік) жабылады. Бұлардың әрқайсысының өз орны бар: туырлық керегеден уықтың ортасына дейін, үзік кереге басынан шаңыраққа дейін, түндік шаңырақты, ал киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Бау-басқұрлар киіз үйдің сүйегін ұстастырып қана қоймай, сыртқы киіздерін де бастырып тұру мақсатында қолданылады.Киіз үйдің сыртқы әбзелдері күн сәулесі мен тамшы өткізбеген, жылу сақтаған. Оларды жасау қазақтың киіз басу, өрнек жасау өнерін тереңдете түскен. Бұл әбзелдерді ақ тоқтының жүнінен басылып, пісірілген шаңқан ақ киізден пішкен, тіпті кейде киіздің түсін ағарта түсу үшін бор да қосатын болған. Оюлап пішілген ақ киізді өрнекті жіппен жиектеген немесе мақпал мен шұғадан ою бастырған. Ал киіз үйдің бау-басқұрлары әшекей өрнекпен көмкеріліп, түрлі-түсті жіппен тоқылатын болған.Соңғы ғасырдың аяқ шенінде қазақ мемлекетінің тәуелсіздік алуына орай, ұлт мәдениетінің де жанданғанын жақсы білесіздер. Қазақтың қасиетті киіз үйі де ұлт мәдениетінің бір көрінісі ретінде қайта дәріптелді. Жер-жерде ата-бабаларымызға арналып беріліп жатқан астар мен өткізіліп жатқан ұлан-асыр тойлардың сәні қазақтың сән-салтанаты мен ұлттық дәулетін көрсететін осы киіз үйлер болуда. Әсіресе алғаш рет 1991 жылы Абылай ханның асында тігілген Торғай ордасы деп аталған киіз үйдің даңқы айрықша болды. Кейіннен оның көлемі 12 қанаттан 18 қанатқа дейін ұлғайтылып, Есет батырдың, Шақшақ Жәнібек батырдың, ұлы Абайдың тойларында қайта тігілді. Бұл киіз үйдің биіктігі 8 м, ішіне жүздеген адам еркін сияды. Осындай сән-салтанатты қазақтың киіз үйлері – ұлтымыздың мақтанышы.<span>
</span>
Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша кітаптарды көп оқиды. 80-жылдардың орта кезінен бастап, Абай ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі онИсточерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген. «Дүние де өзі,мал да өзі». Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар,ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.Абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді.Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді.Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады. Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын,шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп,сынайды. Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім. Бұл-өткенге құр өкіну емес,келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай,білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі. 1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды.Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған.Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып,адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді. Ғылым таппай мақтанба! Орын таппай баптанба! Құмарланып шаттанба! Ойнап босқа күлуге,- дейді ол.Сөйтіп,ғылымға берілудің,ғалым болудың жолдарын әңгімелейді. Ғылым жолы-әділдік жолы.Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды. Надандарға бой берме, Шын сөзбенен өлсеңіз,- дегенде,ол ғылым үйренетін жастың қараңғы,надан қауымнан өзгеше болуын қалайды. «Интернатта оқып жүр» өлеңінде Абай әлгі ойларына тың пікірлер қосады.Мұнда,сыншылдық басым.Ақын патшалық ел билеу жүйесіне,оқыту тәртібіне сын айтады.Халыққа пайдалы емес,залалды болып шығатын әкімдер мен шалағай төрелердің оқудағы мақсатын көрсетеді. Орыс тілі,жазуы Білсем деген таласы Прошение жазуға Тырысар,келсе шамасы. Ынсапсызға не керек, Істің ақ пен қарасы. Нан таппаймыз демейді, Бүлінсе елдің арасы, …Аз білгенін көпсінсе, Көп қазаққа епсінсе, Кімге тиер панасы? Ақын мұндай мақсатпен ғылым қууды қуаттамайды.Олардың «Иә тілмаш,иә адвокат» болу ниетіне Салтыков пен Толстойды әдейі қарсы қояды.Толстой мен Салтыков-Щедрин сынап,масқаралаған орыс шенеуніктерінің бейнесін олардың есіне салады. Тіл мен теңеу,түр жағынан алғанда да, «Интернатта оқып жүр» өлеңі-жаңалығы бар шығарма.Осы өлеңде Абай «интернат», «военный қызмет», «прошение», «адвокат», «здравомыслящий», «коренной», «счет»,т.б. орыс сөздерін қолданады.Оларды ұйқастыра отырып,еркін пайдаланады және оларды ақын орыс мәдениетін үгіттейтін өлеңге әдейі кіргізген. «Қалың елім,қазағым». Бұл кезде жазған өлеңдерінде Абай озық мәдениетті насихаттаумен қатар,әлеуметтік,азаматтық санасы өскен халықтың үлкен қайраткері дәрежесінде көрінеді.Оның өлеңдерінен еңбекші халық мүддесін қорғаған азаматтың үні естіледі.Өзі билеуші тап ортасынан шықса да,тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады.Оларды «елім», «жұртым», «халқым» деп,дос тұта сөйлейді.Осы бетбұрыста Абай сол халықты жүдетіп,шаршатып отырған ұнамсыз әрекет-мінездерді,олардың ішкі сырын үлкен шеберлікпен ашатын психолог ақын ретінде танылады.Заманы мен өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшілік-қайшылықтарын өткір және әділ мінеп-сынайды. Бұл сарын,әсіресе,Абайдың «Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» деп аталатын өлеңінде анық байқалады.Мұнда өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп дерттеніп, «Қалың елі-қазағының» қазіргі халіне қинала сөйлеген ақын бар.Ел ұйытқысын бұзған,оның берекесін кетірген әкімсымақтарға деген оның ызасы да мол. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки,бұзған жоқ па елдің сиқын?- деп,ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан да,мінез-құлық жағынан да татымсыз топты бөліп көрсетеді. Абайдың алғашқы сыншылдық өлеңдері ХІХ ғасырдағы орыс реализмінің сыншыл сарынын үлгі тұтқанын,сол жолдағы ізденісін, беталысын байқатады.