Табиғат! Осы бір жүрекке жылы,көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзге қаншама мазмұн, терең мағына, ұлағатты ұлы ұғым, тұжырымы кең ой жатыр десеңші!
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі,құт – берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені,адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты «ана» деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр.Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей етене байланыста өтіп жатыр. Сан ғасырлар бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды пікірлерге келді. Табиғаттың қатаң жағдайына ,түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп,өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды және табиғатқа аялы алақан,жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді.Осыған орай халқымыздың да мінез-құлқы бірте-бірте қалыптасып,ондай қасиеттер атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіліп отырды.
Қазақ халқының халық педагогикасындағы асыл мұралардың бірі-табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген асқан адамгершілік қасиеті болды. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз туған жер, өскен ел, атамекен, аяулы өлке, ауылым деген тұла бойында нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен қатар тұрады.Белгілі жазушы, әрі ғалым Ақсеуіл Сейдімбеков өз шығармаларында халқымыз бен табиғат арасында үндестікті, бірлікті,сабақтастықты ерекше атап өтті.« Көшпелі өмір салты табиғи географикалық дара бітімдегі биосфера бірден – бір үйлесімді.Ата – бабамыз туған жеріне кіндік қанын ғана тамызып қоймаған, қажет болса жүрек қанын да төге білген»-деп жазушы табиғат пен халқымыз арасында өзара байланысты жоғары бағалаған. Халқымыздың табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі табиғаттың көркем келбетін, ажарлы арайын сұлу сымбатын көре, сезіне білуінен бірте-бірте қалыптасқан.Табиғат сұлулығынан,әдемілегінен ,әсемдігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ алып, аса зор іңкәрлік сезімге бөленген және табиғаттың сұлулығының алдына бас иген.Халқымыздың қажырлы да қайсар, батыр да , батыл ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлы атамыз «сұлулық дегеннің тамыры табиғаттану деген нәрседе жатыр. Мысалы, гүлді алайық сол гүлдерде біз сұлу емессің деп айта алмаймыз.Ол табиғаттың жасаған сұлулығы.Аңдардың ішінде де сұлуы аз емес.Құстарды алып қарағын.Олардың ішінде де қаншама сұлулар бар. Сол себепті сұлулық деген нәрсенің өзі табиғаттың твортествосы. Осы күнге ғалымбыз деп жүрміз,бірақ табиғатқа қарсылық ету күнә»- деп табиғат сұлулығын сезіне білу және оны аялау қажеттігін ерекше ескерткен болатын. Халқымыздың табиғатты жанындай жақсы көріп сүйе білуі және оған деген аялы алақаны мен абзал адамгершілік қамқорлығы қанымызға да, бойымызға да, бойымызға да ананың ак сүті арқылы дарығандығын зор мақтаныш сезіммен айтуымызға толығымен болады.
Солтүстік бұғылар ерекше бейімделген өмір Солтүстігінде және оңай, суықты 50 – 60 градус. Бұл оларға көмектеседі ерекше жүн. Шерстинки бұғы жасалынады ауамен, ауаны жақсы жылу сақтайды. Сондықтан мех тіпті күшті желдің салдарынан берік қорғайды бұғы суықтан. Ал осы себеппен бұғылар жақсы жүзеді – ауамен толтырылған жүн оларды сақтайды, суда жақсы кез келген құтқару кеудешесінің.Қыста бұғы обрастает және жылы пухом. Жүн және түбіт бұғы соншалықты жақсы удерживают жылу, қар, падающий олардың тон, еріп кетеді.Тіпті жаңа туған нәресте олешек суықтан қорықпайды. Жиі, появляясь арналған жарық боранда да, при сильных морозах, ол, дегенмен, тамаша сезінеді және кейін 2 – 3 күн жүгіреді өз анасымен.Солтүстік бұғылар непривередливы шақырылды. Олар тамақтанады мхом ягелем, ол емес болады бар бірде-бір жылқы немесе сиыр. Бірақ тіпті осы скудную тамаққа қыста добыть оңай емес. Оленям келеді разгребать қар, добывая жем үлкен тереңдігі. Жазда солтүстік бұғылар кормятся всевозможными шөптер, саңырауқұлақтар, побегами карликовых ив мен қайың.Бұл жануарлардың кең тұяқ көмектесетін еркін жүріп-тұруға және қарда, болотам, топям.Бұғылар өмір сүреді стадами. Қашан қозғалады табын бұғы, барлық уақытта таратылады тән құрғақ пощелкивание – бұл бұғының сіңірдің трутся туралы сүйегін, дыбыс шығара, ол адамдар "деп атаған звоном". Ол көмектеседі отбившимся оленям табу табын. Есту у бұғылардың өте жақсы, және осындай дыбыс олар услышат алыстан.
Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Мәселен, ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,– деген болатын. Мейлінше, көп тілді меңгеру қажет, дегенмен өз ана тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн.
Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі шара атқарылып жатқаны баршамызға аян. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану – еліміздің әрбір азаматының абыройлы міндеті. Адамзат мәдениетінің негізі – тілде. Кез келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде. Ұлттың жаны мен жүрегі ары мен ұяты, қазына-байлығы мен атақ абыройы тілге байланысты. Жер бетіндегі сан мыңдаған ұлттардың ішінде тек қазақ халқы өз тілін ана тілі деп ардақ тұтып, қастерлейді. Қазақ үшін тілден құдіретті ештеңе болмаған.
Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ана тілі – әр адамға ананың ақ сүтімен бойға жетіп, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан-балаға жетіп отыратын ұлы күш. Ана тілі – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес байлығы, қуатты қайнар бұлағы. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағы, қазірге және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден-бір сенімді құрал. Тіліміз арқылы халқымыздың жан дүниесін танып білеміз, себебі, халықтың рухани байлығының сарқылмас бұлағы сонда жатыр. Туған жеріміз бен ел-жұртымызды да сол арқылы айтып жеткіземіз.
Тіл адам баласының басты қазынасы болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылымы мен әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары мен салт-санасынынң, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін танытатын дәлелді көрсеткіші. Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін «Ұлы» деп қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – ұлттың тірегі. Ол жан-дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалатыны белгілі. Барлық қазақстандықты біріктіретін – қазақ тілі сондықтан, егемен елімізді сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас қажет.
P.S. Қазақ тілі Қазақстан халқының ортақ тіліне айналып қоғамдық қатынаста мемлекеттік тіл мәртебесімен өз тұғырында нық орныққан тіл болып қалыптасуы үшін атсалысу әрбір қазақстандықтың мемлекет алдындағы жауапкершілігінің басты шарты деп айтсақ, артық айтқандық емес. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Елбасымыз атап көрсеткендей: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез кезген орайында әрі қарау, әрі қалқан, әрі байырғы, мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз» мәңгі жасасын демекпін.
«Ұлым тіліңді жаман сөзден, көзіңді жамандық бағудан сақта. Ұлым, сөзіңді жүрегіңмен тербеп, содан соң айт, бұлай етсең баршаға сүйкімді боларсың. Ұлым, біреуден жаман сөз естісең, оны жүрегіңнің жеті қарыс түкпіріне тұт, оған жаман болар, саған жақсылыққа қайтар», - деп дана Хикар ұрпағына осы бір даналық сөзді жадымызда мәңгі ұстап өзге тілдерді еркін меңгере отырып, өз ана тілімізді сақтап, айтар сөзімізді өз орнымен пайдалана білейік, ағайын!
Міне :)☆
1.нанды екі қолмен үзу керек,
2.нан қоқымын шашпаңдар
жерде жатса баспаңдар
теріп алып қастерлеп
торғайларға тастаңдар