Латынға көшу – жаңғырудың бастауы!
2017 жылы қазан айында латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы пайда болды. Дегенмен ол содан бері қоғамда қызу талқыланып көптеген ұсыныстар түсті, соның нәтижесінде ғалымдар мен азаматтардың талап тілектері ескеріле отырып қазақ әліпбиінің сонғы нұсқасы қабылданды.
Қай кездеде елдің келешегін болжап, тиімді шешімдер қабылдайтын Елбасы бұл жолы да көрегендік танытып, ел мерейін асқақтатты. Мұндайда қазақ «Өшкенім жанды, Өлгенім тірілді» деп жатады.
Біздің латын тілі мәдениетіміз сонау ертеден ақ бастау алған, оның бір айғағы «Қыпшақ тілі сөздігіндігі» қыпшақ тілінде дінни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап. Бұл еңбектің түп нұсқасы 1294 жылы Латынның Готикалық көне қаріпімен жазылған. Өткен ғасырдың 1929-1940 жылдары аралығында Қазақстанда латын графикасына негізделген жазу жүйесі қолданылып қазақ халқының мәдени өмірінде үлкен рол атқарған, қазақтың бетке ұстар зиялы қауымы, қоғам қайраткерлері, ақын жазушылары бұл әліпбимен баға жетпес туындылар қалдырған. Бұл нені білдіреді, яғыни біз латын графикасына негізделген қазақ жазуына қайта ораламыз. Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» бағдарламаларының басты жетістігі осы,.
Біз латын әліпбиіне оралу арқылы өткенімізбен қауышамыз, болашақпен танысамыз. Бүгінгі заманауи технологиялар дамыған заманда интернет жүйесінде, ақпараттық құралдарда латын әліпбиі үстемдік етеді. Сондықтан барлық Қазақстандықтарды латын әліпбиіне көшуді қолдауға шақырамын.