Барыс (лат. Uncia uncia) Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және субальпі белдеулерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы. 1976 және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар бағында өсіп-өнген. Ақсу-Жабағылы, Алматы және Марқакөл қорықтарында және үш қорықшаларда қорғалады. Жоңғар қорығын ұйымдастырып, қазіргі бар қорықшаларда қорғау жұмыстарын жақсарту қажет.
Көп түркі және көшпенді елдер үшін, барыс ұлттық таңба. Алматы қаласының қалатаңбасында - барыс, Татарстан республикасының елтаңбасында - қанатты барыс.
Барыс, ірбіс - мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 - 135 см, биіктігі 60 см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 - 100 см, салмағы отыз - қырық килограмдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері - басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды. Қазақстандағы барыстың саны жүз сексен - екі жүздей. Олар негізінен Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл қорықтары мен Алматы, Лепсі, Тоқты қорықшаларында мекендейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген. Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын, айлалылығын пір тұтқан. Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы Барыс жылы. Барыс Алматы, Астана қалаларының төлтаңбаларында бейнеленген.
Абай – ұлы аудармашы. Қайткенде де, ақынның аудармалары – өзінің төл туындылары секілді, елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған туындылар. Абай – Батыс әдебиетіне аудармашы ретінде алғаш жол салушы. Ол қазақ әдебиетін Лермонтовтың «Бородиносынан» бастап, аударманың небір жауһар үлгілерімен толықтырды. Біріншіден, Абай – талғампаз аудармашы. Адамгершілікті дәріптеуге, жаман мінез-құлықты шенеуге құрылған аудармалар М.Ю.Лермонтовты аударудан бастау алды. Идеялық мазмұн мен көркемдік эстетиканың үндескен тұсы да осы болса керек.
Қорқыт-9 ғасырдағы түрік тілдес ақыны жəне композитор,шыққан тегі Сырдария жағалауындағы даладан.Қобыз аспабын шығарған,ақын,ертегіші,ақындар мен музыканттардың пірі.Қорқыт туралы деректер түрік тілдес халықтар да,яғни қазақтар,қарақалпақтар,əзірбайжан,түрікмен жəне түрік халықтары,кездеседі.Олардын барлығында бір халықтық эпосы "Огуз -наме" деген атақ пен танымал.
қазақ тілінде косымшаның екі түрі бар.