Дос деп ойлап құшқаным,
Болып шықты-ау дұшпаным (Өтебайбойлақ Тілеуқабылұлы баба)
Жылуы болмаса түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса жігіт қасиетсіз.
Иманы кеткеннің жиғаны кетеді.
Саналы адам сағыңды сындырмас,
Санасыз адам жағыңды тындырмас.
Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын. Ол әрқашанда сенімді. (Шерхан Муртаза *Қызыл жебеден*)
Бақыттың кілті достықта, достықтың кілті халықта (Абай Құнанбайұлы)
Ақылы көпті дау алмайды
Досы көпті жау алмайды (Яссауи)
Жаман дос көлеңке,
Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.(Абай Құнанбайұлы)
Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас,
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол. (Абай Құнанбайұлы)
Құйрығы шаян, басы адам,
Байқамай сенбе құрбыға.
Жылмыңы сыртта іші арам,
Кез келер қайда сорлыға.
Жер бетіндегі әрбір адам өз елінің елордасын мақтан тұтады. Біздің мақтанышымыз – Сарыарқа төсіне қанат жайған шырайлы шаһар. Астанамыз жыл санап көркейіп, гүлденіп, ажарланып келеді. Келбеті де асқақ, айбарлы. Өзге жұрт қызыға, қызғана қарайды. Тамсанып, таңдай қағады.
Астана - бүгін өскелең қала. Кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеудің қаласы. Есілдің мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық бөлігінде еуропалық үлгідегі шағын орамдар тұрғызуға да орын жетерлік.
Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік . Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді. Бұны көру, сезінудің өзі бір бақыт, маңдайға біткен бақ. Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала - жас қаламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.