Напиши нормально по русский
Ит жақсылықты ешқашан ұмытпайды. Ит қиындықтарға төзімді, сондықтанда кейбір еңбекқор адамдарды "Өзі бір итжанды" екен деп теңейді. Қазақта бір істің сәті түсіп, жақсы орындалса"Сабақты ине сәтімен", - деген осы деп қуанады. Оқу оқып,білім алу оңай емес, ол инемен құдық қазғандай. Көз қорқақ, қол батыр, сондықтан әрбір істі қорықпай баста, жігерлі бол. Ол бір көз көрмейтін, құлақ естімейтін жерге кетті.
Құстар ұшты.Су ақты.Аңдар қыстады.
Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!
1. Отбасы сыйластығы үшін отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі, түсінушілігі, сенімділігі қажет
2. Жақсы әдептің мақсаты өзіңнің адамгершілігіңді сақтау.
3. Әдепті болу шыдамдылықты, сабырлылықты, тілге ие болуды талап етеді.
4. Әдептілікте ең қажет нәрсе өзгені сыйлау, өзіңді сыйлата білу, ісіңмен де сөзіңмен де өзгенің жанын жараламау.