Алматының табиғаты өте керемет. Жетісудың еркесіндей елітіп, еркелей түседі. Арманыңды арманға жалғайды. Қаланың табиғаты, зәулім үйлері барлығы да бейне бір әсем әуендей. Әрқайсысының өз орны бар, әр ағашы да, үйі де жарасымды. Алайда, бұл сұлулық мәңгілік жасай бермейді. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайы бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екендігіміз де рас, егер әрбір тұрғын өзінің ауласын, жүрген жерін таза ұстап, Табиғат-Ананы естен шығармай жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Жаздың кезі еді.Мен ауылда едім.Достарыммен қыдырып.гүл теруге бардық.Біз гүлдердің неше түрін кездестірдікүБірі қызғылт,ал енді бірі сарғылт,көгілдір.Сай басынан сылдыр-сылдыр еткен сыңғырлаған бұлақ даусы естілді.Біз көлге бардық,балалар шолп-шолп етіп шомылып жүр екен .Көлдің суы күн сәулесіне шағылысып жарқ ете қалады.Көлдің бойын мекен ететін шықылық-шықылық етіп құстардың даусы естіледі.Алыстан гүл теріп желп-желп етіп жүрген балалар көрініп қояды.Алыстан маң-маң басқан кербез бойжеткендер де гүл теріп жүр.Көк майсаны басып гүл тергенде,шатұр-шұтыр дауыстар көп естіледі.Ағаш жапырақтары сыбдыр-сыбдыр ете қалады.Жерден ирелеңдеген құрттардың көп түрін кездестіруге болады
Отбасылық бюджет дегеніміз – үй ішіндегі адамдардың ай сайынғы табыс қосындысы. Отбасы мүшелерінің барлық қажеттіліктерін ескере отырып ай сайын кірістер мен шығыстар жоспарын құрған абзал, сонда ақшаның жұмсалуын қадағалап отыруға болады. Отбасылық бюджеттің үш түрі болады:
1. Бірлескен отбасылық бюджет;
2. Бөлек отбасылық бюджет;
3. Араласқан (іскерлік) отбасылық бюджет.
Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12\% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді.