Мен өскенде Астанадан үлкеен пəтер аламын. Мен онда өз отбасыммен тұратын боламын.Пəтерімде міндетті түрде улкен қонақ бөлме болады. Мен өз бөлмемнің кең əрі жарық болғанын қалаймын.Болашақта не боларын білмеймін, бірақ мен астана қаласынан үлкен пəтер алғым келеді мен міндетті түрде пəтер аламын, өйткені бұл менің мақсатым, əрі арманым
Коктем келди.кун жылынды.далада кар еріді.кустар жылы жактан ушып келді. далада адеми гульдер, шоптер шықты. маган Коктем оте унайды
Аспан әлемі -жұмбақ әлем. Ғарышқа адамдар ұшып барып келіп жатырған ғасырда не қылған жұмбақ дерсіз? Алайда күндіз көгілдір,түнде түпсіз тұңғиық аспанға қарап жатып,аржағында не бар екен деген ойға қалмау мүмкін емес!Мен де солай ойлаймын. Әрине, ғылымның дамыған заманында,көзі ашық,көкірегі ояу адамның аспанда не бар екен деп ойлануы күлкілі де шығар? Ондағы жұлдыздар,аспан денелері, құйрықты жұлдыздар, осы күнге дейін ашылмаған жұлдыздар -бәрі тылсым дүниенің жұмбағы емес пе? Мысалы "Жетіқарақшы", "Үркер", "Таразы" тағы да басқа деген шоқжұлдыздар атауы қалай пайда болды? Бұл да мен үшін қызық. Қазақ халқы жұлдыздарға ,аспанға қарап, ауа райын болжайды. Мысалы, жаңа ай шалқасынан жатып туса,күн суық болады,жұлдыз көп болса,күн ашық болады. "Халық айтса-қалып айтпайды" дегендей, өмірдегі тәжірибесімен-ақ дана халқымыз аспанға ұшпай-ақ, аспан әлемінің сырын білген сияқты. Дегенмен, біз білмейтін жұмбақ көп...
71 % су
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.