Қандай мамандық иесі болсаңда жауапкершілікті сезіну міндетің. Оның осындай дәрежеге дейін көтерілуі отбасындағы мәдениет нәтижесі. Бір-біріне қамқор болу адамгершілік. Ағасын мақтан ету, оған еліктеу, әрине жақсы, дегенмен өзіңде сондай болсаң ол тіптен жақсы. Біздің сыныпта әр оқушыға жеке тапсырма беріп, әрқайсысына талап қою біздің ұстаздар үшін қалыпты жағдай. Ол бауырын қорғау үшін осында келді. Кішіге ізет көрсету, үлкенге құрмет көрсету ата дәстүріміз.
Менің бөлмем өте кең, жарық және менің таңдауым бойынша жасалған. Бөлме қабырғасы көгілдір және оның үстінде түрлі-түсті гүлдер салынған. Төбеде көгілдір аспашам. Аспашамдағы суреттерді қабырғаға жақын болсын деп, өзім салдым. Бөлмемде менің киім салатын шкафым, сабақ істейтін үстелім бар. Үстелдің үстінде компьютер, оның алдында мен көп уақыт өткіземін. Үстелдің қасында кітап салатын шкафым бар. Сол шкафтын бір сөресінде өзімнің сувенирлерім бар. Оларды мен болған елдерден әкеліп жинап жатырмын. Сол қызығушылығым жайында барлық достарым, туысқандарым біледі. Басқа елдерге барғанда, міндетті түрде маған сувенирлерді алып келеді. Бөлмемде тазалық сақтаймын, өйткені ол менің жан түкпірім.
Менің анам таңертең ыдыс жуады
Елді жерді қорғау үшін жаның пида еткен халық қаһармандары жетерлік.
Олар Бауыржан Момышұлы, Мәншүк
Мəметова, Əлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаев жəне т.б Олар біздің болашығымызды ойлады
Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы тұрмыс – салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтанда тұрмыс - салт жырлары деп атайды.
Тұрмыс- салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмыс – тіршілігі, салт – дәстүрі сөз болады, төрт үлік мал және жан – жануарлар туралы, наурыздағы көктемгі ел қуанышы туралы жырлар айтылады. Тұрмыс – салт жырларының бір түріне бесік жыры, тұсау кесер жыры, жар – жар, той бастар, беташар, бата - тілек, жоқтау сияқты салтқа байланысты туған жырлар жатады.Төрт түлік қазақ халқының күн көрісінің көзі еді. Ол сауса - сүт, сойса – ет, мінсе - көлік, келсе қадірлеп, ол туралы нелер бір тамаша жырлар тудырып отырған. Малдың өз төліне мейірленуін айту арқылы қой сүйеді баласын “қоңырым” деп, адам баласы өзінің өзінің де малға ерекше сүйінуін жырлайды.
Тұрмыс – салт жырларының ең көп түрінің бірі – наурыз жырлары. Көктемнің келуін жаңа жылдың келуі деп түсінген халық күн жылып , мал көкке тойынған шақты қуаныш көріп, жауын көп болсын, ақ мол болсын, елге тоқшылық болсын деп өлеңдер айтқан. Оны біз наурыз жырлары деп атаймыз. Тұрмыс – салт жырларын жалпы әрбір адам айта береді, әсіресе, олар той жиындарда көп айтылады. Үлкендер сияқты сен де сондай жырларды үйреніп алып немесе өзінң жаныңнан шығарыпта айтқан.