ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТЫНДА ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУ ӘДЕПТІЛІКТІҢ БІР ҮЛГІСІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ АТА АНАНЫ СЫЙЛАУ, ОЛАРДЫ ҚАДІРЛЕУ,ІЗЕТ КӨРСЕТУ АДАМНЫҢ ЕҢ ҚАСТЕРЛІ ҚАСИЕТТЕРДІҢ БІРІ КІШІ ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАСА,ҮЛКЕНДЕР ДЕ ӨЗ ТАРАПЫНАН ОҒАН ЛАЙЫҚ ЫҚЫЛАС БІЛДІРГЕН СОДАН БАРЫП ҮЛКЕН МЕН КІШІ АРАСЫНДА ЖАРАСАМДЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС ОРНАҒАН ОЛ ӘДЕТКЕ АЙНАЛЫП ӘДЕПТІЛІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ТУДЫРҒАН
І
Асан қайғы ХV ғ. екінші жартысында Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген. Қалың бұқараның қамын жеп, елінің болашағын ойлап, үнемі қайғы-мұңға батып жүргендіктен, халық оны «Асан қайғы» деп атап кеткен. Ол алдымен Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ- Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі болған, кейін Дешті Қыпшаққа (қазақ даласына) қайтып оралып, Жәнібек, Керей хандардың ақылшы биі болған. Асанды Ш.Уалиханов «көшпенділер философы» деп атаған.Тарихтағы Асан бейнесін аңыз мұнары басқан. Оның өмірі туралы бізге жеткен деректер тым аз.
Асанның әкесінің аты — Саятшы Сәбит. Қазақ тарихшысы Құрманғали Халитұлының «Тауарих Хамса» атты кітабының айтуынша, Асан қайғы — Шыңғыс ханның замандасы ұлы Майқы бидің алтыншы ұрпағы. Майқы би — Шыңғыс ханның тарихтан белгілі әскербасыларының бірі Үйсін Майқы.
ХV ғ. өмір сүрген Асан қайғының адамдарды ынтымақ-бірлікке, достық-татулыққа шақыруы, елге жайлы қоныс іздеп, отырықшы, бейбіт тұрмыс-тіршілікті аңсауы сол кездегі заман талабынан туғаны түсінікті. Асанның бізге жеткен толғаулары түгел дерлік Әз Жәнібек ханға арнай айтылған. Халық аңыздарында Асан жайында «бұл қария қашан да ханға жағынбай, жарамсақтанбай тура сөйлеуші еді» делінеді. («Ай, хан, мен айтпасам білмейсің»)
Асан толғауларынан тек сол заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құралу дәуіріндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін байқауға болады. «Асан қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді», — деп жазады Б.Кенжебаев.
Әбілхайыр ханнан бөлінуге қарсы болмағанмен Асан атамекеннен ұзап кетуді қош көрмейді.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары көп, мысалы: домбыра, жетіген, қобыз, адырна, асатаяқ, дауылпаз, шертер. Аспаптардың ішінен ең кең тараған - домбыра. Домбыраны білмеген, көрмеген қазақтың ұл-қызы жоқ. Өйткені домбыра қазақтар өмірінде маңызды орын алады, күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет даңқты күйшілердің шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар – Қ. Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Б. Тілеуханов, А. Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т.б. Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Домбыраның репертуары орыс классикасы шығармаларымен және қазіргі заманғы музыкалық шығармаларымен де байып отыр.
Ответ:
Чарльз диккенс танымалы ағылшын жазушысы болды. Ол 1812 жылы Ұлыбритания да туылды. Бала кезінде өлеңдер оқып, сахнаға шықты және көп кітап оқыды. Ол репортёрға оқыды. Ол өзіне журналистік және жазушылық тәжірибе қосып алды. Ол "Оливер Тестаның саяхаты", "Дэвид Копперфилд" деген жұмыстары жазылған. Оның жұмысына қатысты кино тусірілген. Оның танымал киносының бірі "Жаңа жылдық оқиға" күлгін қарт Скруджге қатысты. Чарльз диккенс соққының асерінен 1870 жылы қайтыс болды. Оған АҚШ, Ресей және Австралия да есірткіш қойылған болатын.