Бул караша айы туралы жазылган
Білген кісі тауып айтады,
білмеген кісі қауып айтады
<span>«Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» депті.Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді талап етеді. Өзінің досынан белгілі бір нәрселерді қажет ететін адам шынайы достыққа лайық емес.Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан. Біздің ойымызша, бұрын достыққа үлкен сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған. Бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскери байланыспен ғана шектеледі. Яғни, қазіргі таңдағы қарым-қатынас киноға бару және бірге отырып теледидар қарау шеңберінде қалған сияқты.Мүмкін бізге достар да, достық та қажет емес шығар?Әрине, жоқ! Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.</span>
В интернете поищи,если нет попроси друзей помочь или просто спиши у них)