Кәде – қазақ халқының рәсімдік және ғұрыптық жоралғыларының жиынтық атауы. Кәде жасамау – дәстүрді сыйламау, яғни әдет заңын бұзу деген сөз. Кәделердің ережесі, әрқайсысының өз жасау тәртібі бар. Оны бұзуға болмайды. Кәдеге тоқтау жоқ, дәлел жүрмейді, сөз өтпейді. Кәде беру – міндет. Өйткені халық арасында «ат өлсе де, кәде өлмейді» деген атамыздан қалған аталы сөз бар. Той кәделері (тойбастар, сарқыт, байғазы, көрімдік, сүйінші, айттық, жыртыс, шашу, бата т.б.). Сондай-ақ, Құдалық кәделері, Күйеу кәделері, Балаға арналған кәделер мен Қаза кәделері бар. Оларға кейінірек жеке-жеке тоқталып өтеміз. Алдымен Той кәделерінен бастасақ. Той кәделері Тойбастар – қыз ұзату, үйлену т.б. тойларда айтылатын өлең түрі. Қазақтың қай тойы болмасын, «тойбастар» жырымен басталады. «Тойбастар» айтқан адамға жақсы сыйлық беріледі. Той бастардың негізгі мазмұны – тойдың салтын дәріптеу, той иесі қызды мақтау, той жасаушылардың жақсы тілеуіне үн қосу. Сарқыт – тойдан, айт мейрамынан ырымдап кәмпит, құрт сияқты дәмнен алып, үлкен кісілер (негізінен әйелдер) үйдегі балалары мен келіндеріне әкеліп ауыз тигізеді. Сол сияқты үлкен табақтан қалған етті де «сарқыт» деп, оны да жастар үлкен кісілердің жолын, абыройын берсін деп ырым қылып жеген. Бұрын «сарқыт қайтады» деп келіндер үлкендердің табағын әдейі күтіп отыратын болған. Қазақ салтында сарқыттың ырымдық әрі тәрбиелік дәстүрлік маңызы зор. Байғазы – қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелеріне, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер Байғазы (ақша, малдың төлі, т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, ізгі тілек білдіреді. Көрімдік – қазақ салтында жаңа киім киіп, мүлік aлғанда, жаңа үйге кіргенде, жетістікке қол жеткізгенде туған-туысқан, жора-жолдастарының жасайтын кәдесі. Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып, беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді.
Сабыр Шәріпов (нақты атауы - Мұхаммед Сабыр Шарифович Давлетшина) (7 шілде, 1882 - 17 шілде, 1942) - қазақ совет жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үшін күрескер.1998-1903 жылы Павлодар ауылшаруашылық мектеп-интернатта оқыған. 1904-1916 жылы Атбасар маңында Баянауыл мектептерінде мұғалім, ағаш ұстасы, қойма менеджері, аудармашы, Ақмола және Көкшетау жергілікті ауданында Клерк болып жұмыс істеді. 1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде ол біраз уақыт өткен соң ол Көкшетау социал-демократиялық тобының хатшысы болып сайланды, содан кейін Сібір, Түркістан, Көкшетау, Петропавл қаласында Кеңес өкіметінің құруға қатысты, РСДРП мүшесі болды, Көкшетау сол жыл болды.<span>1932-1934 жылы, сенім меңгерушісінің орынбасары Мәскеуде «Ембімұнай» - - кеңестік-ирандық акционерлік инспекторының директоры 1919 жылы ол 1921-1924 депутаты төрағасы Атбасар ауданының революциялық комитетінің, 1928-1932 жылдары Ақмола атқару комитетінің төрағасы болды Компания «Фанера - Hurian Limated» жыл 1934-1935 жылы - 1935-1937 жылдары Оңтүстік Қазақстан Сыртқы сауда халық комиссары өкілі - аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы Партия тарихы институты 1938-1941 жылдары - терең бұрғылау құру директоры Құлсары және Доссорда, сенім геологиялық барлау кеңсесі «Ембімұнай»</span>