ҮНДЕСТІК) ЗАҢЫ — буын не сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйыстырып, бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс. Ондай құбылыс туыстас тілдер тобына ғана тән. Үндестік заң дыбыстарды алдымен буынға (егер сөз бір буынды болса), содан кейін буындарды сөзге (егер сөз екі не көп буынды болса) біріктіреді. Үндестік заңы қазақ тілінің іргелі заңдылығы болғандықтан, оның ықпалы тілдегі дыбыстардың айтылымы мен естілімінде басым болады. Осы тұрғыдан дыбыстар төрт топқа бөлінеді: 1) жуан езулік әуез дәйекшесіз ([]) беріледі. Мысалы, ата, қызық, алыс, т.б.; 2) тік таяқша ([]) жіңішке езулік әуезді: мыс., әже, егін, бірлік, т.б.; 3) дөңгелекше () жуан еріндік әуезді: мыс., қол, бұрұм, орұн, т.б.; 4) тік таяқша мен дөңгелекше () жіңішке еріндік әуезді көрсетеді: мыс., күн, көлүк, түлкү. Буын не сөздің үндесім әуезі сол буын не сөз құрамындағы дыбыстардың жасалымы өзара үйлескен, естілімі өзара үндескен тіркесін құрайды. Дәстүрлі қазақ тілтанымындағы (түркологияда) фонетика ережеде Үндестік заңын дауыстылардың үндесуі деп түсіндіріп келсе, қазақ тілінде тек дауыстылар ғана үндеседі, ал дауыссыздар көрші дауыстының ықпалында болады делінген. Сонымен қатар дыбыстардың бір-біріне ықпалын да сингармонизм заңдылығына жатқызып келді. Дауыссыз дыбыстардың арасындағы ілгерінді ықпал бойынша (мысалы, әліпби-әліппи, құр қалу-құрғалу, көкбет-көкпет, т.б.) алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссыздың айтылымына (артикуляциясына) әсерін дауыссыздардың сингармонизмі деп атайды. Зерттеу нәтижесінде сөз құрамындағы дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып айтылуы сөз просодикасына байланыстылығын көрсетеді. Қазақ тілінің сөз просодикасы үндесім болғандықтан, ол сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарға бірдей тең ықпал етеді.
Мен сыйлық сыйлағанды жақсы көремін. Сол себепті мен сыйлықты достарыма,жақындарыма,анама себепсіз беріге де тырысамын. Сыйлық сыйлау меніңше жомарттылықтың белгісі. Мен көбіне сатып алынған емес, қолдан жасалған сыйлықты бергенді ұнатамын. Сол үшін еңбектеніп,қолдан түрлі зат жасаймын. Ең жақсы сыйлық адамның жан тәнімен жасаған сыйлығы. Дегеніменде мен сыйлық алғандыда ұнатамын. Сыйлықтың меніңше жаманы жоқ.
<span> Апорт — алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктіктің орта белдеуінде (Солтүстік Кавказ, Іле Алатауы) кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл-сары қызыл-қоңыр мөрімен болады; ішкі жағы (еті) сусымалылығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт — кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). КСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған.</span>