Химия - бұл заттардың ғылымы, олардың қасиеттері мен өзгерістері. Кең концепциядағы зат - өз массасы бар кез келген зат. Тар мағынада зат атомдар мен молекулалардың жиынтығы болып табылады.
Химиялық үрдістер кезінде атомдар түрлі заттармен алмасады, электрондарды қайта бөлу, кейбір облигациялардың бұзылуы және жаңадан пайда болуы.
Молекулалардың құрамының өзгеруімен бірге заттардың өзгеруі химиялық өзгерістер деп аталады. Барлық молекулалардың қатаң ерекше энергиясы бар. Мысалы, жердің күйінде және қозғалған (дірілдеу) күйіндегі молекуланың қасиеттері басқаша. Сондықтан химиялық реакция бақылануы мүмкін.
Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды.
Аяулы әкетайым,мен сіздің жүзіңізден шексіз махаббат көрдім,сізге ерекше еркеледім.
Сізді мақтан етемін, құрметтеймін.Менде өзіңізге деген сенім қалыптасты.Сізден жауапкершілікті үйрендім.Бізді; "үлкендергесәлем беріңдер", "Үрлық жасмаңдар!", "Намысты болаңдар!"- деп,тәрбиеледіңіз.
Сізді қатты сағындым,аяула әкем!
Менің сүйікті жазушым ол дана Абай. Қазақта жақсы сөз бар:"Қазақ десе Абай есіме түседі? Абай десе Мұхтар есіме түседі". Абай қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, табиғатын, азабын, салт-дәстүрлерін және т.б, бейнелеген ақын. Оның 45 қара сөзі бар. Әр қара сөзі нақыл сөз, тәрбиелік мәні зор болып табылады. Абайды бас ақын дейді. Абайдың кем дегенде бір өленің білмеген адамды жетесіз деп санауға болады.Ол көптеген тілді біліп, Шығыс ғалымдарынан аударған. Сондықтан мен Абай атамды мәңгілік сүйіп, құрметтеп өтем.
-Досым, біздің қолымызда елу мың теңге бар. Енді оны қалай бөлеміз?
- Онда екіден бірден бөліп алайық. Сонда əрқайсысымызда жиырма бесмың теңге болады
- Жарайсың! Өте дұрыс! Сен ақшаңа не аласың?
- Мен ол ақшаға анама сыйлық алам. Ал сен ше?
- Мен болсам кітап алуым керек.
- Жақсы, дүкенге кеттік, ендеше!