Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.
1.Жыл ақсақалдың 6 ұлы,6 қызы болды.
2.Бір жылда 12 ай бар.
3.Көктем мезгілі 3 ай алады.
4.Жаз мезгілі 3 ай алады.
5.Қыс мезгілі 3 ай алады.
6.Күз мезгілі 3 ай алады.
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.
Жақында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» даму бағдарламасында көрсетілгендей салауатты өмір салтын сақтау мақсатында, ҚАУ жанындағы мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы мектеп директоры Қадырова Қаламқас Қылышқызының басшылығымен, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, Фабричный елді мекеніне жақын жерге орналасқан демалыс орнында саяхат сабақ ретінде «Денсаулық күнін» өткізді. «Тәні саудың – жаны сау», «Шынықсаң, шымыр боласың» деп айтылғандай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Веселая Лариса Анатольевнаның жетекшілігімен оқушылар арасында әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, эстафеталық сайыс ойындары ойналды.
Бұдан мектеп оқушылары таза ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық ләззат алды. Сөзімнің соңында, мектеп ұстаздарына оқушылар атынан алғысымды білдіре отырып, осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілек айтқым келеды.
«Көк тудың желбірегені, Жаныма қуат береді.» Қандай ой толғандырар тармақтар... Әсіресе, бірінші тармақтағы «көк тудың желбірегені» сөзін естігенде, жүрегіңе бір таныс сезім қона кетеді, биылғы XXX жазғы Лондон Олимпиадасы ойыңа түседі. Бұл Олимпиадада қазақтың туы жеті рет бірінші орынға көтерілді, спортшыларымыз жеті алтынды қазаққа тарту етті. Олимпиада алауының жанғанынан бері қазақ халқы спортшылармен бірге қуанып, бірге жылады. Ел қолдауының арқасында жеті алтын ел қоржынына кірді. Александр Винокуров, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Ольга Рыпакова, Илья Ильин, Серік Сәпиев сияқты спортшыларымызды еліне еңбегі сіңген жеке тұлға, қайраткер деп атауымыз әбден дұрыс. Және де күміс, қоланы иемденген спортшыларымыз да елімізді мол қуанышқа бөледі. Көбі тани бермейтін Қазақстан мемлекеті жарқ етіп, әлем алдында көк туын он үш рет аспанға асқақтатты. Бұл қазіргі жастар, біз үшін – жігер. Спортшыларымыз ел қолдауын сезінген болар, сол елге барғандар да патриот халық екенін көрсетті, бармағандар да, теледидар алдында, өз аймақтарында отырып, спортшылардың тілеуін тіледі. Теледидар көріп отырғанда әр жағынан «Қазақстан, Қазақстан!» деген айғайды естігенде, өзің де сол жерде отырғандай сезінесің. Әлем көз тіккен байрақты бәсекеде 13 рет жеңімпаз атанған чемпиондарымыз – бізге өте лайықты үлгі. Елдің сүйіспеншілігіне бөленген, туған жерінің көк туын әлемге танытқан қандай жақсы! Ел үшін қызмет жасау ешқашан жойылмайды. Сол себепті біз де елге қызмет етіп, көк туды көкке желбіреткен тұлғаларымызды да құрметтеп, өзіміз де көк туымыздың желбіреуіне үлес қосайық: «Таласқа түссе жан мен ту, Жан емес маған керегі, Көк тудың желбірегені.»