А с спортзал , асық, сынып
і с спортзалның, асықтың, сыныптың
б с спортзалға, асыққа, сыныпқа
т с спортзалны,асықты, сыныпты
ж с спортзалда,асықта, сыныпта
ш с спортзалдан,асықтан, сыныптан
к с спортзалмен ,асықпен, сыныппен
Біз дене шынықтыру сабағында спортпен айналысамыз,себебі бізге күш қажет.
Қызықты кітап - есімді сөз тіркесі.
Үлгілі оқушы - есімді сөз тіркесі.
Ән тыңдады - етістікті сөз тіркесі.
Мен анама ұқсағым келеді
Мен үшін анам алтынмен тең.Мен оған ұқсағым келеді,оның сыңғыр күлкісі құлағыма майдай жағады.Оның әдемі қоңыр көздері мен қара шашындағы ақ жаулығы.. Оның мен ауырғандағы мен үшін қам жегені шын жүректен болғанын сеземін.Басқасын қажет етпесем де,анашым маған ауадай қажет.Мен анама ұқсағым келеді..
<em>Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді. Біздің сыныптағы Дастан мектептегі барлық шараларда «Біз бақытты балалар» әнімен танымал болса, Залқар бишілік өнерімен Республика көлеміндегі сайыстарға қатысып, өзінің сүйікті билерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүр.Анель де екі жылдан бері мектептегі «Эстрада жұлдыздары» үйірмесіне қатысып, мектепішілік концерттерде ән айтса, Адина «Жас толқын» би үйірмесінің белсенді мүшесі. Қолөнерге қызығатын оқушыларымыз да аз емес. Бұлар біздің сыныптың мақтаныштары. Мен өз сыныптастарыммен мақтанамын. Олардың келешекте елімізге қызмет ететін азамат болатынына сенімім мол. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» деп халқымыз тегін айтпаған болар.</em>