Ответ:
Одағай
Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған.
Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен. Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Мағыналарына қарай бөлінуі:
Ишарат одағайлар
Жекіру одағайлары
Жануарға арнап айтылатын одағайлар
Шақыру одағайлары
Көңіл-күй одағайлары
Императивтік одағайлар
Тұрмыс-салт одағайлары.
Достық туралы шығарма
Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Адам баласынан досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ.
Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың іргетасы - адалдық. Өзің адал болмай, өзгеден адалдықты күту бекершілік. Достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілікке ұласа алмайды.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:
"Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,
Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып",- дейді.
Қарап отырсақ, достыққа шөлдеген, достықты аңсаған ақын өзгеден мін іздеп, өзгеге кінә артпайды. Өзгеге талап қоймастан бұрын, өз жанына үңіліп, өзінің қандай дос бола аларын ойлаған ақын өлеңіндегі дәл осы жолдар жоғарыдағы ойымызды қуаттай түседі.
Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен де болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда да зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды танитынын ескерсек, адам өзі қандай болса, дәл сондай адамға ұшырасады, дәл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.
Апорт — алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктіктің орта белдеуінде (Солтүстік Кавказ, Іле Алатауы) кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл-сары қызыл-қоңыр мөрімен болады; ішкі жағы (еті) сусымалылығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт — кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). КСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған.
Бүгінгі күні апорт нарықтан жоғалған, себебі апорт өсірілген жерлер жекешендіріліп алма ағаш орнын басқа нысандар ауыстырған (құрылыс т.б.), сонымен қатар ағаштар ескіріп жаңа алма-ағаш отырғызылмайды, Алматы облысының әлсіз газдандырылғанын еске алсақ, жергілікті тұрғындар да оны кесіп қыстан аман шығатыны сөзсіз. 70-жылдарғы санақ бойынша, Қазақстанда 3851193 түп апорт ағашы болса, оның 80 пайызын құрайтын 3036346 түп Алматыда өсiрiлген екен. Бұдан кейiнгi санақтар көңiлге кiрбiң ұялатады. Мәселен, 1984 жылы Қазақстанда 1965795 түп апорт алма болып, Алматыда оның 1418988-i өсiрiлiптi. Ал бұдан соңғы мәлiметтер тiптi майдаланып кеткен1865 жылы Воронежск губерниясының тұрғыны Е. Редько апорт алма ағашын Верный округінде (Болашақтағы- Алматы) өсірген. Оны Сиверс алмасымен будандастырғаннан кейін ол өте атақты болды. 1914 жылы бақ шаруашылығының бас инспекторы С. Перковский былай деген екен; "Верный қаласының көркі ретінде апорт алмасы мен орман сұлуының алмұрты атты жемістерді қабыл алуға болады. Редько өз Отанынан апорт алмасын әкеліп, Верныйдың қолайлы жері арқылы әлемге танылды. Ол басында апорт алмасын бақшасында, тек сосын ғана Колпаков атты генералдың бұйрығымен қалаға апорт алмасының ағаштарын еккен. Редьконың апорты арқылы Верный жемісті қала атағына ие болды."
ХХ ғасырдың басында апорт Ресейдің орталығында танымал болды. Орталықтың жірмеңкелері мен базарларында өте атақты болды. 1900 жылы Парижда апорт Верный уездінің үздік туындысы ретінде қарастырылып, үздік орынға йе болған. 1908 жылы Германияда <span>өткен Мангейм көрмесінде мамандардың үздік бағасына қол жетті.</span>.