Шоқан Уалиханов-қазақ даласынан шыққан тұңғыш ғалым.Оның суретшілік қабілеті де болған.Ол өте дарынды болып өскен.Шоқан саяхатшы,этнограф,шығыстанушы да болған.Ол кішкентай кезінен жан-жақты болып өскен.Өз күшімен кадет корпусына түсті.Ауылдың аға сұлтанының баласы,ерке болып өссе де,корпустың қатал тәртібіне тез үйренісіп кетті.
Атаңның баласы болма, адамның баласы бол. Диқан болсаң, жеріңнің қасында бол. Бар болсаң таспа, жоқ болсаң саспа. Жаман адамнан қарыз алма, қарыз алсаң да қаражат қылма.Еңбек те ептілікті тілейді, ерлік те ептілікті тілейді.Талант қартаймайды, білім ортаймайды. Шегірткеден қорыққан егін екпес.Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.Ащы мен тұщыны татқан білер. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.
1 Сәлем2 Сәлем1 Қалың қалай?2жақсы сенде?1 жақсы2 сен білесіңбе төрт түлік жануарларға қандай жануарлар жатады?1жоқ білмеймын, сен білесің бе?2 ия, білемін1сонда қандай жануарлар2 жылқы, түйе, сиір, қой мен ешкі1 солай ма!2 ал сен біблесіңбе олардың бөлесі не?1ия білемін2 не?1олардың бөлі: жылқының- құлын, түйенің- бота, сиірдің- бұзау, қойды- қозы, ешкінің- лақ2қандай керемет1төрт түлік малдың адамға пайдалы екенін білесің бе?2білемін1қандай пайдасы?2 олар сүт береді, ет береді, киім береді, көлік болады1тағылы олар дос болады2 ия1сонда саубол2саубол
.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл – қазақ тіл. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол түркі тілдері тобына жатады. Қазақ тілі сияқты түркі тілдерінің тобынын тараған қазіргі қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, өзбек, түрікмен, әзірбайжан, ұйғыр, чуваш, тува, саха, т.б. тілдерінде сөйлейтін халықтар бір-бірімен еркін түсінісе алады.
Қазақ тілі өзенің көп ғасырлық дамуы барасында рулық тіл дәуірін де , тайпалық тіл дәуірін де, халықтық тіл дәуірін де басынан кешірді.
1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды.
1.
2.
2.
3.
Менің
Сенің
Сіздің
оның
М,ім,ым
Ң,ың,ің
Ңыз, ңіз,ыңыз,іңіз
Сы,сі,і,ы
1.
2.
2.
3.
Біздің
Сендердің
Сіздердің
олардың
Мыз,міз
Ың,ің
Іңіз, ыңыз
І,ы
Лар/лер
д/ты немесе үнді р,у,й д/сыз
Дар/дер
Ұяң ж,з немесе үнді м,н,ң,л д/сыз
Тар/тер
Қатан д/сыз