Қыс əрбір адамның əсіресе кішкентай балалардың сүйікті мезгілі.Өйткені қыс келе салысымен айналаны аппақ қарлар басады.Қыстың қызығы қар демекші,балалар қар атысып,шаңғы тебіп,сырғанап уақыттарын қызықты əрі көңілді өткізеді.
Маган Аdidas спорттык киими оте унайды. Ол казирги танда танымал бренд фирмасынын оними.
Б-дауыссыз,ұяң
О-дауысты,жуан
Я-қосарлы дыбыс
У-дауыссыз,үнді
Тасбақалар (лат. Testudines) – бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.
Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті-мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт арасынан Тасбақалардың басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде бұларды сауыт ішіне жиып алады. Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған, нашар естиді. Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршақтары бар. Құрлық Тасбақалары негізінен өсімдік қоректі; тұщы су Тасбақалары балықтармен, қосмекенділермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Тіпті бірнеше айдай қоректенбеуі де мүмкін. Құрлықта шағылысады (бір немесе бірнеше жүз жұмыртқа салады). Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Кейбір түрлері жылына 3 рет, кейде одан да көп жұмыртқа салады. Шар немесе эллипс тәрізді жұмыртқаларының сырты әктасты қабыршақпен (құрлық тасбақаларында), не терілі жабынмен (тұщы су тасбақаларында) жабылған. Инкубация кезеңі көпшілік түрінде 2 – 3 ай (піл тасбақаларында 6 – 7 ай). Табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.
Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды.