«Тіл- тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс. Өйткені, ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап ой түйетін адам өзінің еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. Қазақтың ұлы тұлғалары Абай, Мағжан, Мұхтар, Сәбит, Жұбандар сөйлеткен қазақ тілі. Қазақ халқымен, бірге абыройлы да асқақ, сынақты да сындарлы тағдырды басынан кешірді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жүйелі сөзбен алқалы топты еңсерген ойшыл, шешендерді ел басқару ісіне арластырып, халық жүрегінде жатталған дала данышпандары, кемеңгер ойдың кемелді арнасы, тілінен бал тамған, қара қылды қақ жарған әділетті би- шешендер ұлылық пен ұлағат, өнеге мен тағылымның мектебі, аталы ойдың алтын қазығы бола білді. Тек ана тіліміз арқылы ата-анаға, елге, Отанға, халыққа деген махаббатымызды жеткізе аламыз. Адам баласы өз анасын қалай сүйсе, өз тілін де солай сүюі тиісті екені анық. Табысқан соң дүние фәнименен,
Тал бесікте жатқанда сәби денем.
Ана тілі бойыма сіңдің шым-шым,
Даусыменен анамның әлдилеген.
Тіл- қастерлі де қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға анасындай қымбат. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер- ана тілі.<span>Тіл-қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл-өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат екені анық. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт- дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі- ана тілі. Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде қасиетті қазақ тілім!</span>
Әр ұлттың өзіне тән
ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, тұрмысынан
байқаймыз. Ән күйлерді тыңдай отырып, билерін, ою өрнектерін, зергерлік
әшекейлерін көре аламыз.
Біздің қазақтың салт-дәстүрі өте көп, олар: беташар, шілдехана, бесік
той, наурыз және тағы басқалары жатады. Беташарда жаңа түскен келіннің
бетін ашып, көпшілікке таныстырады. Бұл дәстүр ежелден келе жатқан
дәстүр. Наурызда халық наурыз көже жасайды, ұлттық ойындар ойнайды және
алтыбақан тебеді. Басқа елдерде де, өз ұлттық дәстүрлері бар.
Салт дәстүрде әркім өзінің өнерін көрсетіп, әділ қазылар оларға баға
қояды. Қазақтар өзінің дәстүрін ұмытпау керек.
Бүгінгі күні
Тәуелсіздігімізді алып, Тәуелсіз мемлекет атанып, өзге елдермен
тереземіз тең болып отырған шақта біздер, бүгінгі жас ұрпақ ұлттық
құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді заман талабына сай қолданып,
ұрпақтан-ұрпаққа аманат етеміз деп сөз береміз.
Біз мектепшілік жарыста футбол ойнадық.(ұл болсаң)Біздің команда қызыл түсті киім киді.Ал қарсылас команда сары түсті киім киді.Ойын өте қызықты өтіп жатыр.1 таймда сары түсті команда 1 гол соқты.Ал 2інші таймда біздің команда 2 гол соғып жеңіске жеттік.
-Здравствуйте!
-Здравствуйте.
-Как вы себя чувтвуете?
-Хорошо.
-Я выпишу вам новые таблетки .Завтра приходите.
-Спасибо.Досвидания.
Досвидания!