<u>Керекті сөздерді пайдаланып мақал-мәтелдерді толықтыру,мағыналарын түсіндіру:</u>
1) Ағашты жердің ырысы мол,
Бауырмашылдың туысы <u>мол</u>.
Мағынасы: Ағашы көп жерде молшылық,береке болады.Ал бауырмашыл болсаң туысың мен жақындарың көп болады.Сондықтан да бауырмашыл болу қажет.
2) Ағаштың жемісін жеймін десең,түбіне балта <u>шаппа</u>.
Мағынасы: Бұл мақалды отбасы тәрбиесіне қарастырып түсіндірсе болады.Мысалы,балаңның жеңісін,қуанышын, жетістігін көрем десең,оның қанатын сындырмай,дегеніне жеткізуге көмектесе білу керек,оған сүйеніп болып,қолдау керек.
3) Қураған ағаш <u>иілмес</u>,қураған шыбық <u>егілмес</u>.
Мағынасы: Бұл өмірді қураған ағаш пен шыбық секілді өмір сүрсек біз ешнәрсеге қол жеткізбейміз.Керісінше сәтсіздіктерге тап боламыз.Сондықтан да үнемі жадырап, жайнап,белсенді жүру керек.
4) Бабалар еккен шынарды балалар <u>саялайды</u>.
Мағынасы: Біздің ата-бабамыз ұзақ жылдар бойы жаумен күресіп осынау байтақ даланы,тәуелсіздікке алып берді,бізге мұра етіп қалдырды.Біз енді соның жемісін,рақатын көріп,бақытты өмір сүрудеміз.