Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып,
әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.
Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас
қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.
- Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе? - дейді.
- Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол
қандай байлық?
- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға
сатып берер едің? - деп сұрайды қарт.
- Оның не?! - деп шошып кетеді жігіт, – көзімді
ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға
айырбастар ма едің?
- Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, -
дейді жігіт.
- Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең
үлкен байлығы – күш-қуаты мен денсаулығы,
дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың.
Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.