Менің білуімше, біздің әлеміміз жаһандану үрдісін басынан кешіріп жатыр. Жаһандану - алмасу, технологиялық жаңалықтар және Интернеттің қосындысынан пайда болған. Алайда, ғалымдардың айтуынша, бұл үрдіс нәтижесінде түрлі елдер мен халықтар өз тілдері мен дәстүрлерін ұмытып, басқа мекеннің құндылықтарына ауады. Сонда, кіші мелекеттер мен этно топтар өз тілін үлкен, алып "ағылшын" сынды тілдерден қорғау үшін не істеу қажет? Әрине, өз құндылықтарын сақтауға тырысып, салт-дәстүрлерін жаңа ұрпаққа тарату қажет.
Ал саяхатшылар мәселесіне келетін болсақ, олар өзге елден келген қонақтар. Біздің міндетіміз - оларға еліміздің бар әдемілігін көрсету. Бірақ, оларда да біршама міндеттемелер бар. Мысалы, егер Араб Әмірліктерінде ашық-шашық киінуге тиым салынса, бұл заңды қаралауға болмайды. Әйтпесе, тәртіп сақшылар сізге айыппұл төлеткізуі мүмкін. Келесі міндеттеме - қонақ болып келген елдің салт-дәстүрін құрметтеуге міндетті. Бір топ ағайын ән салып тұрса, оларға безеріп қарап, жамандауға саяхатшылардың моральді құқығы жоқ деп ойлаймын. Ал енді соңғы міндеттеме - елдің салт-дәстүрін сақтау. Бұл негізі саяхатшының өзіне де біршама пайдалы болады. Өзге елдің салтын білгеннен, ешкімнің миы толысып кеткен жоқ деп ойлаймын. Сол себептен, Қазақстанға келген саяхатшылар біздің тарихты, өнерді және сал-дәстүрлерімізді білу қажет.
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген
махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін
алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана!
Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш
қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана —
әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз.
Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр
алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан
шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай,
бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал
жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын
қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін
салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын
әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге
үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы.
Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа
қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын
төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы
парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң
да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы
борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші,
шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді.
Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір
қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта
айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың
шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек.
Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын
себетін аналарымыз аман болсын!
Абай атамыздың Жазғытұры өлеңі.
1. КӨктем мезгіліне арнап жазылған өлеңі.
2. Көктем мезгілінде көптеген өзгерістер болады. Масатыдай құлпырар жердің жүзі дегені жер беті көгеріп, жасылданып, керемет көрініс сыйлайды.
Түйе боздап, қой қоздап, қора да шу дегені көктем ол мал жануардың төлдейтін кезі.
3. Көктемнің ерекшелігі ерекше. Нағыз мезгілдердің сұлуы. Ағаштардың барлығы бүршік атып, гүлденіп ерекше көрініс сыйлайды.