Мен бұл мамандықты неге таңдадым? Ол жан-жақты зерттейді. Мен-дем беруші,бағыт көрсетуші,құтқарушы псхологпын.Менің басты бағытым,өмірге еш өшпенділіксіз,қорқынышсыз қарауды балалардың санасына жеткізу.Балаларды алға ұмтылуға,алда ғажайып нәрселердің бар екендігін,жақсы өмірдің кілтін аша алатындарына сендіру!Оқу бітірген соң мен «Барыс» мекемесінде директорың орынбасары қызметін атқардым. Ол жерде көптеген адамдардың қиналғанын,тығырықтан шығар жол таппай қиналып жүргендерін, оларға бірінші шыдам,ал ең бастысы үміт керек екенін түсіндім.Бірте-бірте менің өзіме және басқада адамдарға деген көз қарасым өзгере бастады.Сөйтіп мен көптеген адамдарға, біздің балаларымызға тек қана физиологиялық емес,сол сияқты психологиялық көмектің қажет екенін түсіне бастадым. Осылайша мен Ақтөбе Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің психология факультетіне түсіп,оқуымды бітіріп,мамандығым бойынша мектепке педагог-психолог болып орналастым. Бұл мамандық ерекше саналады.Өйткені күні бойы көптеген адамдардың басынан өткергендерін,олардың қиындықтарын,қуаныштарын тыңдап,оларға ақыл кеңес бере отырып,қолдау көрсету керек. Сондықтанда бұл мамандықты әр адам әр қалай түсінеді. Мен үшін психолог мамандығы не? Ол кең мағыналы. Мен – дем берушімін Мен әр кезде өз әлемімді балалармен бөлісуді,оларға дем беріп,олардың жан-дүниесне үңіліп,олардың бүгіп,ұялып, сыртқа шығара алмай жүрген ойларын іске асыруға ұмтылдырамын.Мен оқушылардың,балалардың күнделікті өмірден бір сәтке болсада шығып,өздерін жаңа қырдан танып,өздерін жақсы қырдан көрсете алуларын айтып,өмірдің әр сәтін тек жақсылыққа,артынан өкінбейтін жақсы істер жасауына,жастық шақтарын босқа өткізбей,өмірден дұрыс жол таңдап,тек қана алға ұмтылуларын қалаймын.Осы жерде ұлылардың «Өзіңді біл,таны,аш сол кезде әлемді де біліп ,аша аласың» сонымен қатар «Жаныңды ұсақ уайым,болымсыз қам-қарекет дертімен былғанудан сақтаңыз»деген нақыл сөзді айтқым келеді. Мен -жол көрсетушімін Қасыңда келе жатқан адам.Біз кей уақытта өзімізді жалғыз қалғандай сезінеміз. Сондай кездерде ойымызды алыстағы адамдарға жүгіртіп,соларды іздейміз.Бірақ менің мақсатым бала тек қана өзінің жанындағы адамды іздеп тауып,сол адаммен өзінің көңіл-күйін,ішкі сезімін,жан-дүниесімен бөлісіп,өзін босқа кінәлай бермей,сол адамнан қолдау тапса деймін. Мен психологты «құтқарушы» мен салыстырамын.Мен өтінішті күтпеймін.Өйткені мына әлемде көптеген адамдар жайдан-жай көмек сұрай алмайды.Менің мамандығымның жауы-басқа адамның қайғысына бей-жай қарау.Қандай жағдай болмасын,мен ойланбастан сол адамға әрқашанда көмек көрсетуге дайын тұрамын. Мен –мұғаліммін. Мен күнделікті ұсақ-түйек шаруаға күш жұмсауға үйретіп,өзіңнің ішкі дүниеңдегі ғажайыпты көре білуге үйретемін.Әлем айна сияқты, әр күн сайын өз бейнеңді көріп тұрасың, өз мойныңа жауапкершілікті ала білуге,берген уәдеңде тұруды үйретемін.Менің өзіме деген сенімімді жоғалтқандай сезінген кездерімде,жұмысқа деген құлшынысым азайғанда мен «Алланың адамға берген ең үлкен сыйы, оның өмірі» екенін есіме аламын. Адам кей уақытта өзіне деген сенімін жоғалтып,күйзеліске ұшырасада,өмірге деген сенімін,құштарлығын жоғалтпай, тоқтамастан тек қана алға ұмтылуы керек екенін ұмытпауы тиіс. Қандай қиын жағдай болсада бар күш-жігерін жинап,алға ұмтылса ғана барлығын жеңіп,жүрегінде де,жан-дүниесінде де тыныштық орнайтынына,барлығы тек жақсы болатынына сенуі керек.С.Торайғыровтың «Адамның ең ұлы қасиеті бақытты болуға ұмтылу»дегім келеді. <span>Менің өмірдегі басты мақсатым-балалар өмірге еш қорқынышсыз,зұлымдықсыз қарап,олар алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін табатындарына және де алда ашық,жарқын күндер күтетініне сенсе екен деймін.</span>
Мен спорттын көп түрін білемін.Хоккей,футболл,баскетболл және басқалары.Бұрын футболлға қатысатынмын қазір қойдым.Қыс мезгілі енді мен хоккейге барып жүрмін.Маған барлық спорттын түрлері ұнайды.
Алдар көсе қарапайым халықтың қамқоршысы,сараң байлардың келеке -мазақ ету тілегінен туған образ.Мұны біз ,,Сиқырлы қоржын ,,деген мультфильмде көреміз.Бұл мультфильмде әжесі мен немересі қасіретке ұшырапты.Сараң бай олардың үйлерін тартып алыпты.Алдар көсе көмектесемін деп уәде берді.Сол байға барып айтады,,Дәулетіңізді еселегің келе ма?Онда менің сиқырлы қоржыныма 100/жүз / теңге тастай салсаң болды.Бір сағаттың ішінде 200 /екі жүз / теңге пайда болады.Бай жүз тенге қоржынға тастай салады.Алдар көсе басқа ауылдағы байға барады да айтады.,,Менің ғажап атым бар ,неғурлым қатты шапсаң ақша көбееді.Тек менің сиқырлы қоржыныма 100 тенге салсаң болды.Бай 100 тенге қоржынға салады.Қоржындағы 200 тенгені Алдар көсе бірінші байға апарады.Бай мәз болады да қоржынға 500 теңге салады Алдар көсе оны екінші байға апарып береді.Бай қоржынға 1000тенге салады,оны Алдар көсе бірінші байға апарып береді.Бай ақшаға қуанып барлық ақшасын қоржынға салып береді.Алдар көсе екінші байға бүл ақшаны апарғанда ,екінші бай оған үш қап ақша ,жақсы ат береді.Міне осылай Алдар көсе екі сараң байды алдап барлық ақшаны әжеге апарып береді.Алдар көсе өзінің тапқырлығымен ,ақыл -айласының арқасында сараң байдарды алдады ,байларды мазақ күлкі етіп. Бұл мұльтфильмді күліп отырып қарағанда ,үлкен тәрбие -тәлім толқыны байқалады.Сараңдықтан ,жаман әдеттен жаман мінездерден аулақ болуға баулиды
Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:
— Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.
Қырғауыл:
— Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.
Түлкі:
— Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.
Қырғауыл:
— Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.
Түлкі:
— Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.
Қырғауыл:
— Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
Қырғауыл:
— Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.
Түлкі:
— Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.