Науқас-тан-а-ды, ауыз-дан-а-ды
Ответ:
Жалпы есім заттардың жалпы атауын білдіреді,ал Жалқы заттардың жеке атауын білдіреді
Ата бабамыз ертеден - ақ итті киелі санаған. Итті аң аула3ға бірге ап шығатын болған.
Про ыбырай алтынсарин
Əр заман, тарихи əр кезең əлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының
игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин.Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.
Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды.Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты.
Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне- бірі жалғасқан еді.
Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы...