Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін!
<span />
Ер балалар туралы:
1)Азынаған айғырды үйірде көр,
Адамсыған жігітті үйінде көр.
2)Ай толғанын білмес,
Жігіт болғанын білмес.
3)Ақ серке қой бастайды,
Ақын жігіт той бастайды.
4)Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.
5)Атты арбада көр,
Жігітті ордада көр.
6)Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық.
7)Бай болайын деген жігіт айырбасшыл келеді,
Адам болайын деген жігіт қарындасшыл келеді.
Қыз балалар туралы:
1)Қыз назы қырық кісіні мас қылады.
2)Қыздың қабағында құт бар.
3)Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді. 4)Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.
5)Қызда қырық көліктік бақыт бар.
6) Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
7)Қырсыққан қыз бай таппас,
Қырсыз жігіт мал таппас.
Өз тіліңді құрметтеу үшін ең алдымен басқа тілді емес өз тіліңді білуің керек.
Т-дауыссыз,қатаң
і-дауысты.жіңішке.қысаң.езулік
л-дауыссыз.үнді
д-дауыссыз.ұяң
і-дауысты.жіңішке.қысаң.езулік
ң-дауыссыз.үнді
Омоним- айтылуы, дыбысталуы бірдей, мағыналары әр түрлі создер
антоним- тілдегі мағыналары бір-біріне қарама қарсы создер
синоним-мағыналары жағынан бір- біріне жуық дыбысталуы әр түрлі сөздер