Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз,тіршілікті қан жылататын,асты қайғы - қасіретке толы қаралы сөз. Осыдан 74жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл .
Өмірде адамның жақсысы да, жаманы да бар. Осы адамдардың жақсы да жаман да болуы кішкентай кезінен басталады. Ата-ана оз баласын қалай тәрбиелесе солай өседі. Егер балаға күтім болмай ата-ананың қарауынан қалса сол жаман қисық өскен ағаш сияқты өседі.
Медеу – Іле Алатауы баурайында теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан ірі спорттық кешен.
Медеу кешенінің құрылысы 1949 жылдың күз айында басталған, алғашқы ресми ойындар 1951 жылдың 4 ақпанында өтті. Стадионға жасанды мұз тек 1972 жылы ғана төселді.
Медеу – қысқы спорттық ойындарға арналған мұз айдыны, жасанды мұз алаңының аумағы 10,5 мың ш.м., айдындағы мұз жабындысының қалыңдығы 2,3 метрді құрайды. Тау бөктеріндегі жайлы климат, күн радиациясының қолайлы деңгейі, төмен ауа қысымы және таза тау суы мұздың жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Бұл жерде 120 аса әлемдік рекордтар жасалды.
ҮІІ Қысқы Азия ойындарын өткізу қарсаңында мұз айдыны қайта жөндеуден өтті. Спорттық ойындардың нәтижелерін көрсетуге, телевизиялық бағдарламаларды, тақырыптық және жарнамалық роликтерді трансляциялауға мүмкіндік беретін, алаңы 200 м2 жаңа мультимедиялық тақта орнатылды. Қайта жөндеуден кейін мінбелердегі отырғыштардың саны артып, 7200-ден 8500-ге жетті. Жаңадан орнатылған қазіргі заманғы тоңазытқыш құрылғылары мұзды 1 қазаннан 1 сәуірге дейін ұстап тұрады. Бір мезгілде мұз айдынына 2 мыңнан 3 мыңға дейін адам сыйады.
Демалыс күндері конькимен сырғанау көптеген жылдар бойы тек тұрғындар емес, қала қонақтары үшін де жақсы дәстүрге айналған.
:Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды.Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл – халық тарихы,тіл – ұлттық қазына,тіл – біздің намысымыз,арымыз, байлығымыз,барымыз. Ана тілі – бұл атаңның,анаңның тілі,туған халқыңның тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастерлеп,құрметтеп үйрене бастаймыз.Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі,
<span>ерлік істері,аңыз-ертегілері,шығарған өлең-жырлары,жазған кітаптары,табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары,көрген білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары,ойы,сезімі – бәрі- бәрі де ана тілінде сақталады,ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады. </span>
<span>Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан.Тіл құдіретін танып, «Өнер алды-қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген.Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тілі деп аялаған.Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген. </span>
<span>Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995),Тіл саясаты туралы тұжырымдама(1996) және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң (1997) тек қазақ тілінің ғана емес, республикадағы барлық ұлт тілдерінің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастыққа құрылған мүддесін көздейді.Тіл туралы Заң VІ тарау, 27 баптан тұрады. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуы құқықтық негіздерін, оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. </span>
Атау септік- мектеп формасы
ілік септік- мектеп формасының
барыс септік- мектеп формасына
табыс септік- мектеп формасын
жатыс септік- мектеп формасында
шығыс септік- мектеп формасынан
көмектес септік- мектеп формасымен