Біздің кітапхана бірінші қабатта. Онда орыс, қазақ, қырғыз және басқа тілдерде кітаптар өте көп. Мен күнде кітапхананың оқу залында боламын. Ол кешкі онға дейін жұмыс істейді. Онда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған. Іші таза, жылы. Біздің курстың студенттері кітапханаға, оқу залына жиі барады. Онда олар оқыған еңбектерінен конспекті жасайды, семинарға, теориялық әңгімеге дайындалады. Кітапханада түрлі газет- журналдар да бар. Онда өте мәдениетті, инабатты, өз істерін жақсы білетін қыздар жұмыс істейді. Олар кейде қазақтың көрнекті жазушыларының кітабын оқуға кеңес беріп түрады.
Мен өзім қазақ жазушыларының Мұхтар Әуезовтің, Әбдіжәміл Нүрпейісовтің шығармаларымен көбірек таныспын. Қазақ халқының тарихын білгісі келетінге, оқушыларға "Абай", "Қан мен тер" эпопеяларын оқып шығуға кеңес берер едім.
Кітапхана қызметкерлері әдеби шығармалардың көрмесін ұйымдастырып, оларды насихаттап тұрды.
Мектеп.
Бұл менің мектебім.Мектеп үлкен, әдемі.Онда үш қабат бар.Мектепте акт залы,асхана,спорт залы,кітапхана бар.Мен төртінші сыныпта оқимын.Мен өзімнің мектебімді жақсы көремін.
Кандай балалар шымыр, епті де икемді болып оседі?
Спорт дегеніміз не?
улттык ойын турлерін ата?
Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші! Ал бұл сандықтың ең түбінде немесе кейде жарық жұлдыздай алға шоқ етіп шығатын бір нәрсе бар. Бұл не деп ойлайсыздар?
Бұл тамаша нәрсенің аты- өнер. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Кейде өмірден түңілген кездерде немесе көңіл-күй түсіңкі болған жағдайларда, қолыңа гитара алып, бір шерткеннің өзі, сол басыңнан өткен көптеген ауыр кезеңдерді титтей болса да ұмытуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қандай керемет дүние. Адамның бойындағы дарын, талант деген осы ғой, шіркін.... Бірақ өнер ол теке қана белгілі бір аспапты игере білу дегенге шектеліп қалмау керек, өнер – жан- жақты болады. Адамгершілік қасиетті сақтап жүру, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың өзі, тіпті ауыр хабарды біле тұра, өзге жанға жеткізудің өзі – өнер. Сондықтан да өнер – менің өмірімнің үлкен бір бөлігі деп білемін. Өнерлі адам- өрге жүзеді, - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағындыратынымызға еш күмән жоқ екенін ұмытпаңыздар!