Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда; Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Кұйрығымен шылпылдап, Арасында кұлын-тай Айнала шауып бұлтылдап. Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап. Мал ішінен айналып, Көңілі жақсы жайланып, Бай да келер ауылға, Аяңшылы жылпылдап; Сабадан қымыз құйдырып, Ортасына қойдырып, Жасы үлкендер бір бөлек Кеңесіп, күліп сылқылдап. Жалшы алдаған жас бала, Жағалайды шешесін Ет әпер деп қыңқылдап. Көлеңке қылып басына, Кілем төсеп астына, Салтанатты байлардың Самаурыны бұрқылдап. Білімділер сөз айтса, Бәйгі атындай аңқылдап, Өзгелер басын изейді, Әрине деп мақұлдап. Ақ көйлекті, таяқты Ақсақал шығар бір шеттен Малыңды әрі қайтар деп, Малшыларға қаңқылдап. Бай байғұсым десін деп, Шакырып қымыз берсін деп, Жарамсақсып, жалпылдап. Шапандарын белсенген, Асау мініп теңселген Жылқышылар кеп тұрса, Таңертеңнен салпылдап. Мылтық атқан, құс салған Жас бозбала бір бөлек Су жағалап қутыңдап. Қайырып салған көк құсы Көтеріле бергенде, Қаз сыпырса жарқылдап. Өткен күннің бәрі ұмыт, Қолдан келер қайрат жок, Бағанағы байғұс шал Ауылда тұрып күледі, Қошемет қылып қарқылдап.
Мен қалаға барамын- хабарлы
Сен қалаға барасың ба? -сураулы
Сен қалаға барасын- буйрықты
Алақай,мен бүгін қалаға барам!-лепті
Ханшатыр, бәйтерек ,парк, мего , және тағы басқа. Остальное сами
Анам тіс дəрігері.
Менің анам тіс дəрігері болып жұмыс істейді.
Ол тісі ауырған балдарға көмектеседі.
Менде өскенде дəл анам сияқты болғым келеді.
.
Есіл өзені — Сарыарқада биіктігі 400 – 500 метр Ниаз тауынан басталып Батыс Сібірге жеткенде Ертіске Құяды. Қазақстан территориясында Есілдің ұзындығы 1400 километр. Егер ұзындығы жағынан Дон өзенімен қатарласса, су шығыны Доннан алты есе кем. Есіл өзені Целиноград және Солтүстік Қазақстан облыстарын басып өтеді. Өзеннің су жиналатын алқабы 144 мың шаршы километр, ал республикамыздағы аумағы 113 шаршы километр. Есілге Колутон, Терісаққан, Аққанбурлық және Төменгібурлық өзендері қосылады. Есіл жазықтық өзеніне жатады, сондықтан оның шығыны қар, жер асты суы және жауын – шашынмен толығып отырады. Олай болса, су шығыны ауа райына байланысты – кей жылдары мол, кей жылдары өте аз болады. Судың жылдық орташа шығыны Цилиноград қаласының тұсында секундына 6,2 текше метр, ал Петропавл қаласының тұсында секундына 57,7 текше метрге дейін барады. Сәуір айында Целиноград маңында орташа жылдық су шығыны он есе көбейсе, Петропавл тұсында 7 есеге дейін көбейеді, сол кезде су деңгейі Целиноград қаласының тұсында 2 метрден 4 метрге дейін көтерілсе, Петропавл қаласының маңында 4 метрден 9 метрге дейін көтеріледі. Есіл өзенінің бойында Есіл, Сергиев, Осакаров және тағы басқа су қоймалары бар. Сергиев су қоймасы суды совхоз – колхоздарға құбырлар арқылы жеткізеді. Сонда көптеген совхоз бен колхоздарды сумен қамтамасыз етіп, қосымша 40 мың гектар жерді суландырады..