мен ғарышкер болғым келеді. ол менің бала кезіміздегі арманым. ғарышкер болғым келетін себебім өйткені ғарышкерлер ақ костюм киіп,ғарышта ұшады
Жақсылық жерде қалмайды.
Өтірік өрге баспайды.
Өнерлі жігіт өрге сүйрейді
Өнерсіз жігіт жерге сүйрейді
Еріншектің ертеңі таусылмас
Күш атасын танымас.
Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені
Еменнің иілгені сынғаны
Жылы сөз жанды жылытады
Жылы киім тәнді жылытады
Талапты ерге нұр жауар
Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан
Самалеттей сұңқармен,
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді!
Көңлі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келді!
Күнге күліп, күй тартқан,
Айға әнің тыңдатқан,
Бақыт жырын жырласа,
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келеді!
Тыңда туып түлеген,
Тас түлектей көреген,
Көк қойнында тояттап,
Шың басында түнеген
Ұшқыш боғым келеді!
Жат жерлерге қонбаған,
Жатқа көңілі толмаған,
Асыл затты сұңқардай
Өз ұясын қорғаған
Ұшқыш болғым келеді!
Мұздай болат киінген,
Батпан қару үйірген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлектей түйілген
Ұшқыш болғым келеді!
Ар, намысн ақтаған,
Жүректе сыр жаттаған,
Туған елің – ұясын
Жан- тңнімен сақтаған
Ұшқыш болғы келді!
Ұшқыш болмай немене!
Қуат бітті денеме!
Қанатым бар қайысып,
Жастарға ісім өнеге,
Ұшқыш болғым келеді!
Менің сүйікті пәнім Мен үшінші сыныпта оқимын. Маған барлық пәнде ұнайды. Менің сабақ үлгерімім өте жақсы. Пәндердің ішінде, әсіресе, математиканы қатты ұнатам. Мектепшілік математика олимпиадасына қатысып жүлделі бірінші орын алдым. Математика сабағында үш таңбалы сандарды ауызша шығаруға үйрендім. Сабақта үнемі логикалық тапсырмаларды орындаймыз. Топпен жарысып есеп шығарамыз.Балдырған журналында берілген математикалық тапсырмаларды қызыға орындаймын. Математика сабағында біз бір-бірімізге көмек береміз. Қоңырау кезінде ыстық орындық ойынын ойнаймыз көбейту кестесін сұрап. Математика пәні барлығына ұнайды деп ойлаймын. Менің сүйікті пәнім математика.
Ортақ: Сабина үй жинасты.
Ырықсыз: Үй жуылды, ыдыс жуылды, шаң сүртілді, гүлге су құйылды.
Өздік: Таңертен жуын,киін.
Өзгелік: Хатты жаздыр.