<span>
Менің атым-Қожа
Бұл кинода кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар.Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Бұл әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен роль ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді.Ол қызға махаббатының тасығаны сонша кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады.Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады.Қожа жазушы болуды армандайды.Біздің Қожамыз мейірімді,жанашыр.</span>
Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.
Соғыс зардабы, қария-ақсақал, қарт. Із-таңба. Ынтықтық- құмарлық. Ата буын- үлкендер: Мұғалім-ұстаз-оқытушы. Балалық шақ- балалық
Ұлы жеңіс қаһарман ерлердің қажымас қайраты мен отанға деген шексіз сүйіспеншіліктерінің арқасында келді.
Сондықтан өткенді еске алып, ерлікке тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың парызы.
Талдықорғандағы салтанатты жиын «Даңқ» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Жиналған ардагерлер мен соғыстан кейінгі әртүрлі буынның ұрпақтары майдан даласынан оралмаған жетісулықтарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Алматы облысынан сұрапыл соғысқа 120 мың азамат аттанған болса, олардың жартысына жуығы туған жерге қайтпай қалды. Ал 52 адам Кеңес одағының батыры атағына ие болды. Әйгілі 28 панфиловшы-гвардияшылардың 11-і Талдықорған өңірінің тумалары екені - жетісулықтар үшін әрдайым мақтаныш.
Облыс орталығындағы жеңіс мерекесі орталық алаңда жалғасты. Мұндағы театрландырылған көріністер алапат соғыстың ауыр кезеңдерін көпшіліктің көз алдына әкелгендей әсерге бөледі. Жергілікті театр әртістері аға ұрпақтың ерліктерін өте нанымды бейнеледі. Осылайша сұрапыл жылдар суреті сырғып өтіп, сахна төріне өнерпаздар көтерілді. Сүйінбай атындағы облыстық филормония мен «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблі патриоттық әндер шырқаса, бишілер өз өнерлерін көрсетті. Облыс әкімі Аңсар Мұсаханов ардагерлер мен аймақ тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Бұдан 69 жыл бұрын жеңіс туын желбіреткен аға ұрпақтың ерліктерін біз ешқашан ұмытпаймыз. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қажетті көмектің бәрін жасап отыратындағын алға тартты. Ал ардагерлер тілегі – ел тыныштығы, ауызбірлік пен ынтымақ.
Ол бірінші қабатта тұрады.біз кітапханаға барамыз.ол үшінші сыныпта оқиды.кристина бимен айналысады.