Үкі - негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады. Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. Евразияда, сондай-ақ Қазақстанда кең тараған. Шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді мекендейді. Санының қанша екені белгісіз, бірақ, көпшілік жерлерде сирек. Санын шектеуші себептер: электр сымдарында және уланған жемді жеп өлгенінен басқа, кауырсынынан ұлттық әшекейлер мен бой тұмарлар жасау үшін ұядағы балапандарын алудың да кері әсері үлкен. Сондықтан оны қорғаудың тағы бір жолы - оның қауырсынын пайдалану үшін қолдан өсіру керек.
Жалбағай

Жалбағай, қалбағай (лат. Platalea leucorodia) — ескекаяқты құстар отрядының тырна-құтан түқымдасына жататын құс. Қанатының ұзындығы 39 см, салмағы 1,5 кг. Ақ құс, басында сарғылт айдары бар. Сирақтары ұзын, қара. Тұмсығы жалпақ, қалақша тәрізді. Балапаны ақ мамықты. Жыл құсы: наурыз-сәуірде келіп, қыркүйекте қайтады. Сәуірде 3-4 жүмыртқа салады. Оны мекиені Жалбагай мен қоразы 3 аптадай кезектесіп басады. Су жәндіктерімен, олардың дернәсілдерімен, балықпен, бақамен қоректенеді. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Кейбір жерлерде бұл құсты қалбағай деп атайды. Жалбағайдың қанатының ұзындығы 35 – 40 см, салмағы 1,7 кг-дай. Жалбағай ақ түсті, басында сарғыш ұзын қауырсындардан тұратын кекілі және мойнының төменгі жағында сарғыш қоңыр түсті дағы болады. Басқа, өзіне ұқсас құстардан бір ерекшелігі – тұмсығы. Ол тік әрі ұзын, ұшы күрек тәрізді жалпақ; тұмсықтың негізі – қара, ұшы сарғыштау. Сирағы – қара түсті. Қамысты, бұталы тайыз суларды мекендейді. Топталып, шоғыр (колония) құрып тіршілік етеді.

Судағы балық шабақтарымен, бақалармен және омыртқасыздармен қоректенеді. Жалбағай – жыл құсы. Қазақстанға наурызда ұшып келеді, тамыз – қыркүйек, кейде қараша айында да кездесе береді. Ұясын қамысты қопаға, бұта мен ағаш басына салады. Ақшыл түсті 3 – 5 жұмыртқасын сәуір – мамырда аталығы мен аналығы кезектесіп, 3 аптадай шайқайды. Жалбағайдың құтан, қарабай, үлкен су құзғындары немесе қарақаздармен бірге ұялайтыны туралы жаңа деректер белгілі болды. Саны жылдан-жылға азаюда. 1990 жылдардың аяғында республика жерінде 400 – 650 жұбы ғана ұялаған. Жалбағай сирек кездесетін құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Қоқиқаз

Қоқиқаздар (лат. Phoenicopterus)[1] - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Қоқиқазтәрізділер сабы (лат. Phoenicopteriformes) және қоқиқаздылар тұқымдасының (лат. Phoenicopteridae) жалғыз туысы. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды.
1.Водоросли — гетерогенная экологическая группа преимущественно фототрофных одноклеточных, колониальных или многоклеточных организмов, обитающих, как правило, в водной среде, в систематическом отношении представляющая собой совокупность многих отделов.
1. Әрбір адамда жеке тұлғаның белгісі болады. 2. Әрбір адам өз ортасына бейімделеді. 3. Қоғамда әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеуі керек. 4. Әрбір адам алдына мақсат қояды. 5. Отбасы мүшелері бір-біріне көмектеседі.
<span>Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылымг шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканьщ маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірак, тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшел’гі болады.</span>