Әр зауыттың немесе өнеркәсіптің өз басшысы болады.
Күздік ауа райы салқындау болып келеді.
Сызғыш арқылы партаның ұзындығын өлшеуге болады.
Екілік баға өте төмен көрсеткіштің белгісі.
Менің бауырым орындықта отырып, ойыншық ойнайды.
Әр ана өзінің баласын құлыншағым деп атайды.
Мен бүгін мектепте кезекші болып істеймін.
Арман, ана қаламды өз жеріне қойшы!
1.қарт
2.шуақ
3.сәлемдесу
4.сөйлеу
5.қашық
6.таң азан
7.кезең өмір
8.ен,мол
9.көрісу
Үйде таза бәтеңке тұрады.Сонда лас бәтеңке кіріп келеді.
-Ее, мынау кім?Өзі сондай лас екен!
-Мен бәтеңкемін.Иә,мен сондай ласпын.Себебі мен жұмыс жасап келе жатырмын.Сен сияқты жарқырап бір орында тұрған жоқпын.
-Сен маған айтып тұрсыңба?Мені тойларда, мерекелерде, керемет жерлерге үстіндегі әдемі киімдерімен киіп барады.Ал сені жұмыс жасағанда лас қылып киеді.
-Сені анда-санда киеді, ал мені күнде киеді.Өйткені күнде жұмыс жасайды.
Осылай екеуі ұрсысып жатқанда бәтеңкелердің иесі кіріп келеді.Сосын таза бәтеңкені бір қуысқа тастайды да лас бәтеңкені киіп кетеді.
Көп күн өткеннен кейін лас бәтеңке мен таза бәтеңке бір-бірін көреді.
-Сәлем, лас бәтеңке, өзің жыртылып тозып қалыпсың ғой.
-Иә, сен де қуыста бірнеше күн жатып ескіріп кетіпсің
-Дұрыс айтасың!Сенен кешірім сұраймын.
-Мен де!
Осылай екі бәтеңке достасыпты.
Досың болғанда қандай жақсы.Бірге ойнайсың бірге күлесің.Қуанышыңмен,қайғыңмен,
сырыңмен бөлісесін.Досың сені əр қашан қолдайды.Жыласан досың сені жұбатады.Қайғырсаң көңіліңді көтереді.Қазақта " аққуды атпа, досыңды сатпа"деген мақал бар.Сол мақал досыңның адал болуы керек екенін айтады.Мұны қазақ дұрыс айтқан.досың болғаны қандай жақсы