Менің моншағым, алқам.
Сенің моншағың, алқаң.
Сіздің моншағыңыз, алқаңыз.
Оның моншағы, алқасы.
Біздің моншағымыз, алқамыз.
Сендердің моншақтарың, алқаларың.
Сіздердің моншақтарыңыз, алқаларыңыз.
Олардың моншақтары, алқалары.
Мен аялдамада автобус күтіп тұрмын. Аялдама өте әдемі екен. Аялдаманы жаңадан орнатты қалада.Аялдаманың ішіңде адамдар автобус күтіп отыр екен. Мен де кірдім ішіне. Аялдаманың іші жылы және әдемі. Аялдамада wifi бар және автобустар журетін карта орналасқан. Мен сол картаға қарап автобус қай мезгілде келетінін білдім. Аялдаманың іші жылы. Менің автобусым уақытымен келді және мен сол аялдамадан автобусқа отырып кеттім.
Дүние тыныш болсын,
Көңіл-күй дұрыс болсын.
Жиналмай дастарханың
Үстіне ырыс толсын.
Қымбатты досым, біздің отбасымызда үлкен жаңалық болды, кішкентай сәби дүниеге келді. Сол қуанышымызбен өзіңмен бөліскенше асығып, осы хатты жазып отырмын. Інімнің атын азан шақырып, Азамат қойдық. Оны үйге алып келген күні, үйде дәстүр бойынша інімнің құрметіне шілдехана жасалды. Оған көптеген ағайындар жиналды. Шілдеханаға жиналғандар ақ тілектер айтып, інімді көргісі келгендер көрімдік берді.
Досым, міне мендегі жаңалықтар осындай, жақсы сау бол!